Компакт-дискілердегі бағдарламаларды орнату және іске қосу

Тақырыбы: Компакт-дискілердегі бағдарламаларды орнату және іске қосу

Мақсаты:    Бағдарламаны компакт-дискіден орнатуды және оны іске қосуды үйрету

а) білімділік;

Оқушыларға ақпаратты компакт-дискіде сақтау ережелерін, бағдарламаларды компакт-дискіден орнатуды және оларды іске қосуды

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Компакт-дискі

Сабақтың көрнекілігі: Компакт-дискі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

IІІҮйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Жаңа сабақ

Қазіргі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни CD-ROM –ға қойсақ әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді. Пайда болған терезеде Install батырмасын шертеміз. Мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасын шертеміз. Орысша  нұсқасында бұл батырмалардың кез келгенінің орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмаса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқасында ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертеміз.

Бірақ ойын Setup.exe. немесе  Install.exe. арқылы орнатылатын жағдайда автоматты түрде іске қосылмауы да мүмкін, онда дискіден бұл файлдың бірін өзіміз іздеуге тура келеді.

Ол үшін:

  1. Мой компьютер қапшығын ашамыз.
  2. D: дискінің белгішесін екі рет шертеміз
  3. Пайда болған қапшықтың терезесінде файлдарды іздейміз.
  4. Қондырғыны іске қосу үшін табылған файлды екі рет шертеміз.

Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар:  Yes, No, Agree, No; Да; Нет;

Согласен, Не согласен және т.б.

Содан кейін орнату барысында тек ОК (Жарайды), Next (Келесі) немесе Далее (Әрі қарай) батырмасын басу керек.

IV Жаңа сабақты бекіту

7.2.1.Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер

CD-ROM диаметрі қандай? 13 см жуық

V  Сабақты қорытындылау

7.2.2.Тапсырма.

Компакт-дискілердегі бағдарламаларды қалай орнатуға болады?

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу