Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі
Тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.
Мақсаты: Электрондық хабар, компьютерлік желі ұғымдарымен таныстыру
а) білімділік;
Оқушыларға компьютерлік желінің не екенін, жергілікті және жалпы желі екенін, модем дегеніміз не және ол не қолданылатынын
ә) тәрбиелік;
Ұқыптылыққа тәрбиелеймін
б) дамытушылық;
Жергілікті желі.
Сабақтың көрнекілігі: Жергілікті желі
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Жаңа сабақты бекіту
V Сабақты қорытындылау
VIҮйге тапсырма
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ Үй тапсырмасы
- Компакт-дискіні орнату
- CD-ROM құрылғысының қызметі
ІІІ Жаңа сабақ
ДК ресурстары-бұл құрал-жабдықтар бағдарламалар және ДК-да сақталатын және оқылатын деректер.
Ортақ ресурс-бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді
Компьютерлік желі деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.
Компьютерді тікелей қосу-бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы.
Жергілікті желі-бұл геоеграфиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау, сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау
Бір рангты желі-бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі.
Клиент-сервер типті желі-бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі-файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады.Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді.
Сервер-бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі, ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.
Файлдық сервер-бұл «Клиент-сервер» желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.
Жұмыс стансасы-бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде «Клиент-сервер» желісіндегі де.
Жүйелік әкім-бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режімін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға
Желілер топологиясы-бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы
Торап-бұл желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.
Модем-аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы. Ақпаратты қабылдау үшін желінің басқа ұында да модем болуы керек.
Протокол-бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жиыны.
Желілік протокол-бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені
IV Жаңа сабақты бекіту
- Компьютерлік желі дегеніміз не?
- Жергілікті желі
V Сабақты қорытындылау
211 беттегі тапсырманы орындау.
VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу