ОЖ туралы түсінік. ОЖ түрлері

Тақырыбы: ОЖ туралы түсінік. ОЖ түрлері

Мақсаты:    Оқушыларды ОЖ түрлерімен таныстыру.

а) білімділік;

Оқушыларға ОЖ не екенін, ОЖ түрлерін, пайдаланушы интерфейсін ұғындыру

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Файл, қапшық, таңбаша

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

IІІ Жаңа сабақты бекіту

ІV  Сабақты қорытындылау

V Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Жаңа сабақ

Жоспар:

  1. ОЖ дегеніміз не?
  2. ОЖ-ді кластарға бөлу.

ОЖ-компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Қазіргі компьютерде пайдаланылатын программалардың бәрі программалық қамтамассыз ету (ПҚ-software) деп аталады. ПҚ-ны құрайтын программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелікПҚ, программалау жүйесі, қолданбалы ПҚ. Бұлардың алғашқы екеуін кейде базалық ПҚ деп атайды. Жүйелік ПҚ ядросы ОЖ болып табылады.

ОЖ компьютердің техникалық жабдықтарымен тығыз байланысты ПҚ бөлігі. ОЖ негізгі міндеттері: 1) компьютер ресурстарын: процессорлық уақытты, ішкі жадты, файлдарды, сыртқы құрылғыларды басқару; 2) пайдаланушымен диалогты ұйымдастыру.

ОЖ-ның резиденттік бөлігі (ОЖ ядросы) компьютердің жедел жады бөлімінде тұрақты орын алады.

ОЖ кластарға бөлу параметрлеріОЖ түрлері
Бір мезгілде орындайтын міндеттер саны бойыншаБірміндетті

Көпміндетті

Компьютерде бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойыншаБір адам пайдаланатын

Бірнеше адам пайдаланатын

Интерфейс, яғни пайдаланушының компьютермен қатынас жасау тәсілі бойыншаКомандалық интерфейс

Графикалық көптерезелі интерфейс

 

IV Жаңа сабақты бекіту

 

Тапсырма. 6.1 ОЖ негізгі міндеттерін жазыңдар.

Тапсырма. 6.3 Пайдаланушының командалық интерфейсі бар ОЖ-де және графикалық  көптерезелі интерфейсі бар ОЖ-де файлды көшірмелеу операциясын орындау кезіндегі әрекеттерін салыстырыңдар және сипаттаңдар.

V  Сабақты қорытындылау

  1. ОЖ дегеніміз не?
  2. ОЖ кластарға бөлу

VI Үйге тапсырма: 6.1, 6.2 тақырып