Безендіру. Баптау және көрсету. Баспаға жіберу
Тақырыбы: Безендіру. Баптау және көрсету. Баспаға жіберу
Мақсаты: Оқушыларда компьютерлік презентацияны қолдану және өңдеу технологиясының дағдыларын қалыптастыру
а) білімділік;
Оқушылар презентацияны құра және безендіре білу керек, кескінді өңдеу және сканерлеу үшін бағдарламалық және құрылғылық жасақтааманы таңдай білуі
ә) тәрбиелік;
Тазалыққа тәрбиелеймін
б) дамытушылық;
Презентация жасау
Сабақтың көрнекілігі: Power Point
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Жаңа сабақты бекіту
V Сабақты қорытындылау
VIҮйге тапсырма
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ Үй тапсырмасы
- Слайдта орналастырылатын объектілерге нелер жатады?
- Презентация үлгісі деп нені айтады?
Жаңа сабақ
Стандартты саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану батырмасын шертеміз немесе Формат-Безендіруді қолдану командасын орындаймыз. Ашылған терезеден қажеттішаблонды таңдап алған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз.
Әрбір адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементттерін тағайындауға болады:
Слайд белгіленуі (Разметка слайда). Слайд белгіленуі ретінде сладқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады.
Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстерді кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емесе. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.
Формат-Түрлі түстер схемасыкомандасын орындаймыз.
Анимация қосу үшінСлайдты көрсету-Анимация қосу командасын орындаймыз. Бұл сұқбат терезеде слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекеттерін орындай аламыз.
Баспаға жіберу үшін: Файл-Печать командасын орындаймыз.
IV Жаңа сабақты бекіту
Практикалық жұмыс. Анимация әсерлерін көру
Практикалық жұмыс. Слайдтардың анимациялық көшуі
V Сабақты қорытындылау
1.Анимация қосу
2.Фон түстерін қосу
VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу
Тақырыбы: Жеке презентацияларды құру бойынша шығармашылық жұмыстар орындау
Мақсаты: Оқушыларды өздері презентацияларды құруға үйрету
а) білімділік;
Оқушылар презентацияны құру және безендіре білу керек, кескінді өңдеу және сканерлеу, анимация қосу
ә) тәрбиелік;
Тазалыққа тәрбиелеймін
б) дамытушылық;
Презентация жасау
Сабақтың көрнекілігі: Power Point
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Жаңа сабақ
ІІIҮйге тапсырма
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ Жаңа сабақ
Алдынғы сабақта үйге презентация жасап келу берілген болатын. Оқушылар бірігіп қорғайды (3-4 оқушы)
Оқушылар еркін тақырыпта презентация дайындап келеді. Тақырыптары бірдей оқушылар бірігіп қорғайды
ІІI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу