«Өнерпаз болсаң…»
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Өнерпаз болсаң…»
(Жас қаламгерлер мен әншілер сайысы)
Қосымша білім беру педагогы: Камшат Бақбергенова.
Ұйымдастырушылар: «Жас тілші» ұйымының жетекшісі: Әлия ІҢКӘРБЕК
Кеген-2014 жыл
Күні: 29.01.2014 жыл
Тақырыбы: «Өнерпаз болсаң…»
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.Оқушыларды өнерпаздылыққа тәрбиелеу.
І.Кіріспе
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған жерімізді, атамекенімізді,тілімізді, төл өнерімізді сақтап және аялап қана қоймай, түрлі іс-шаралар арқылы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдыру біздің үлкен парызымыз!
Олай болса,елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген азат елдің айбынды ұрпақтарын, яғни болашағынан зор үміт күттіретін , тіл қамын ойлайтын жас қаламгерлер мен өнерпаздарымызды шыңдау,оларға қол ұшын беру де үлкен міндет деп білемін! осындай мақсатпен бүгін біз «Өнерпаз болсаң…» деген атаумен жас қаламгерлер және әншілер арасында сайыс өткізгелі отырмыз. Сайысымыздың ең басты мақсаты-қазақ қазақта кемеңгер ақындар мен әншілердің ізін жалғап,жолын қуып келе жатқан жас өскіннің бар екенін дәлелдеу. Қатысушыларымызға «Өнерпаз болсаң, арқалан!» дей отырып олармен таныстырып өтейін:
№ | Қатысушының аты-жөні | Сыныбы |
1 | Чүкенов Әділет | 9а |
2 | Әріпбай Нұрсұлтан | 9а |
3 | Халық Балжан | 9ә |
4 | Жаннұр | 9ә |
5 | Төкен Ажар | 8а |
6 | Нұрғазы Алмат | 8ә |
7 | Әріпжан Назерке | 8а |
8 | Әбілғазы Әлібек | 8а |
9 | Ерлікқызы Диана | 7а |
10 | Ақерке | 7а |
11 | Жөкен Жансая | 7ә |
12 | Армия Анеля | 7ә |
Ал енді, бүгінгі өнерпаздарға әділ баға беруші қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
———————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————
Әділ қазылар әр кезең соңында өнерпаздарды бағалауы тиіс!
ІІ.Негізгі бөлім
Сайыс кезеңдері мынадай:
1.Үй тапсырмасы (қатысушылар үйге берілген тапсырмасын яғни, өздерінің шығармашылығындағы өлеңді оқиды, өздері сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды )
2.»Өлең-сөздің патшасы» ақын, жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу «Құлақтан кіріп,бойды алар» атақты композиторлардың әндерін орындау
/әке туралы, ана туралы, бала туралы, табиғат туралы, ұстаз туралы, әже туралы/
- Көңілде жүрген көрікті ой
Мен –табиғатпын, мен-домбырамын, мен-сумын, мен-бүркітпін, мен-күнмін, мен-желмін , мен-жылқымын, мен-дәрігермін, мен-ұстазбын тақырыптары бойынша ой толғау айту.
Жүргізуші:
Жалын мен жырдан жаралған
Әні мен сыры – ақ арман.
Өнерпаз жастар алдыңда,
Намыс пен нұрдан жаралған! –олай болса байқауымызды бастаймыз!
1-кезең Үй тапсырмасы (қатысушылар үйге берілген тапсырмасын яғни, өздерінің шығармашылығындағы өлеңді оқиды, өздері сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды)
1.Байқауымызызда алғащқы рет өнер көрсетін аудандық Дарын ғылыми жобасының жеңімпазы, мектебіміздің жас қаламгері 9 а сынып оқушысы Чүкенов Әділет
2.Келесі сайыскеріміз Облыстық Дарын ғылыми жобасының 3 орын иегері
9 а сынып оқушысы жас әнші Әріпбай Нұрсұлтан
- Бос уақытын өлең шығарумен өткізетін мектебімізде жас ақындар да аз емес Аудандық химия пәні олимпиадасының 2 орын иегері 9 ә сынып оқушысы жас қаламгер Балжан
4.Аудандық Дарын ғылыми жоба жарысының жеңімпазы жас қаламгер 9 ә сынып оқушысы Жаннұр
5.Облыстық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы , жас қаламгер 8 а сынып оқушысы Төкен Ажар
6.Мектебімізідің алдыңғы қатарлы оқушыларының бірі, жас әнші 8 а сынып оқушысы Алмат
7.Мектебіміздің жас қаламгері 8 ә сынып оқушысы Әбілғазы Әлібек
8.Аудандық Кіші Ғылыми жоба жарысының 2 орын иегері жас әнші 8 ә сынып оқушысы Әріпжан Назерке
9.Мектебіміздің жас қаламгері 7 а сынып оқушысы Диана
10.Аудандық Кіші Ғылыми жоба жарысының 2 орын иегері , жас қаламгер 7 а сынып оқушысы Ақерке
11.Мектебіміздің жас әншісі 7 ә сынып оқушысы Искакова Мариям
12.Жас қаламгер 7 ә сынып оқушысы Жөкенқызы Жансая
2-кезең »Өлең-сөздің патшасы» ақын, жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу «Құлақтан кіріп,бойды алар» атақты композиторлардың әндерін орындау
/әке туралы, ана туралы, бала туралы, табиғат туралы, ұстаз туралы, әже туралы/
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірілігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілтетін жыр гүлі
Жас әншілеріміздің ән айту мен жас қаламгерлеріміздің ақын, жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу кезеңіне кезек берейік.
Ашықхаттарды таңдап алады
3-кезең Көңілде жүрген көрікті ой
Мен –табиғатпын, мен-домбырамын, мен-сумын, мен-бүркітпін, мен-күнмін, мен-желмін , мен-жылқымын, мен-дәрігермін, мен-ұстазбын тақырыптары бойынша ой толғау айту.
Көрсетіп ойдың өресін,
Айтыңдар ойдың төресін,
Жұртқа тауып жақсы сөз,
Биік болсын белесің.
Жүздіріп ойдың кемесін,
Жарым –ырыс жақсы сөз,
Жаныңды нұрға бөлесін.
Шешен сөйлеу қашанда,
Биік шыңы өнердің.
Сендер айтқан тілекпен
Көсегесі елдің көгерсін, — дей келе ашықхаттарды таңдап аласыздар
ІІІ. Қорытынды бөлім
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Өнерпаздарды шақырайық ортаға, — дей келе бүгінгі кештің өнерпаздарын, сайыскерлерін ортаға шақырайық.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ұстаздарға , — дей отырып,
әділ-қазыларға құттықтау, марапаттау кезегiн береміз.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді, дей келе құрметті көрермендер осымен «Өнерпаз болсаң ….» атты байқауымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмети. Қош сау болыңыздар!
7-сынып
І.Сабақтың тақырыбы: Жастар киімі. Қалау райы.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың киім туралы оның ішінде жастар киімі туралы
білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .Қалау райы туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру,
сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру .
б) тәрбиелік: өмір салтына қарай үйлесімді киіне білуге баулу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІҮ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар
Ү.Сабақтың көрнекілігі: суреттер
ҮІ.Пәнаралық байланыс: орыс тілі
ҮІІ.Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2.Есіңде сақта!Қалау райы.
Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына(-ғы, -гі, -қы, -кі) қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге( -са –се) игі еді, -(ғай, -гей, -са) екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:
1. Менің барғым келеді.
2.Сенің барғың келеді.
Сіздің барғыңыз келеді.
3.Оның барғысы келеді
2.1-тапсырма.Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Жастардың киімі
Соңғы жылдары жастарға арналған киімге ерекше назар аударылып жүр. Оны жас жігіттер мен қыздардың өмір салтына үйлесімді ете түсуге әрекет жасалуда. Қазіргі кезде жастардың киімі ашық түсті, сәнді.Жас қыздарға қызыл, сары, жасыл, қызғылт және көгілдір түсті, айқын, нәзік, ашық та таза түс жарасады. Жас қыздарға ауа сияқты жеңіл материал жарасымды. Жастар тез өсіп кететін болғандықтан, олардың киімін арзан маталардан тігеді. Олардың киімдерінің ыңғайлы және ықшам болуы маңызды.
ІІІ деңгей
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қазіргі кезде жастардың киімі қандай болу керек?
2. Ол неге байланысты?
2.Мәтіндегі етістіктерді теріп, рай түрлеріне қойып жазыңдар.
ІІ деңгей
1.Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді алып тастаңдар.
1. Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылады.
2. Денені айқындап тұратын және қымбат маталар жастарға арналған.
3. Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.
2.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.
І деңгей
1. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірлеріңді білдіріңдер.
2.Тұйық етістіктердің жасалу жолдары мен емлесі туралы мәлімет беріңдер.
3. Өздік жұмыс.Төмендегі сөйлемдерді аударыңдар.
1. Я хочу погулять на свежем воздухе.————————
2. Вы хотите со мной идти гулять? —————————-
3. Я не хочу гулять, устал, хочу полежать.——————-
4. Мы хотим немного отдохнуть.——————————-
5. Вы хотите слушать музыку? ———————————
4.2-тапсырма.Сөйлемдердің мазмұнын сақтап, қысқартып жазыңдар. Толықтыруға болады.
1. Ең алдымен, күнделікті киімнің жайын ойластырған жөн.
2. Сымбатты қыздарға спорт кеудеше мен пуловер немесе күртешемен бірге шалбар кию жарасады.
3. Қыздың екі белдемшесі:біреуі — неғұрлым қалың матадан күнделікті киюге, жұқа матадан сәнге киюге арналып тігілген түрлері болуы керек.
4. Түсі мен өрнегі әр түрлі, арзан және оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі.
5.5-тапсырма.Суреттерге сипаттама беріңдер.
6.3-тапсырма.Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
— Жасөспірімге қандай киім кию керек?
— Спорттық үлгімен тігілген киім жарасымды.
— Күндіз қандай киім ыңғайлы?
— Жылдың мезгіліне қарай:жаз мезгілі болса, жеңіл футболка, қысқа шалбар немесе жейде мен жеңіл матадан тігілген шалбар.Ал қыс мезгілінде — қалың матадан тігілген шалбар мен жылы жейде.
5.4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер.
Мектеп оқушысының киімі
Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті мектеп формасы болады.
Мектеп формасы — тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны мектептегі салтанаттарға да киіп, ұқыпты ұстау керек.
Әдемі көріну үшін гардероб таңдай білу жеткіліксіз, киіміңізді күте білуіңіз де қажет. Тек сырт киім ғана емес, көйлек пен аяқ киім де ойдағыдай болуға тиіс. Аяқ киімнің лас болуы иесін жақсы жағынан сипаттамайды.
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Үйге тапсырма
1. 4-тапсырма, 107-бет.Мазмұнын айту.
2. «Мектеп формасы керек пе?» сұрағына өз ойыңды жаз.
Ү.Бағалау
Өзімді таныстыру
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.
Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің Таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.
Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Жігіт көркі — өнер. Қыз еркем кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем. Ата өнері — балаға мұра. Ұстаны соққан пышағынан таниды. Шеберлікке шек жоқ. Қазаншының өз еркі Қайдан құлақ шығарса. Күшіңе сенбе, ісіңе сен. Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1898-makal.html
«Ұшырған өздеріңе ән -құсым бар» байқауы
Мақсаты: 1)Талантты оқушыларды таңдау;
2) Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау;
3) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
Байқаудың барысы:
Жүргізуші:
Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әл.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.
Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар!
Бұл әні мен сәні үйлескен Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай өткізілгелі отырған «Ұшырған өздеріңе ән -құсым бар» байқауына қош келіпсіздер!
Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша көрермендерге жалынды сәлем!!!
Мұқағали Мақатаев Мүқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы үлттық мектептеріміз бен Ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда: …Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын. Әрбір өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз… Ақын өзінің қысқа ғүмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.
Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.
М.Мақатаев туралы көптеген ақындар,зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұжекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі тәлейі алда.Мұқағали- өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті.
Ендеше біз бастаймыз !
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдіупен бағаларын берейік.
«Ұшырған өздеріңе ән -құсым бар» байқауының әділқазыларымен таныстырып өтейін.
—————————————————————————
———————————————- ——————————-
———————————————————————-
1.Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – деп алғашқы ән кезегіне жол берейік.
2.Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Ән:
Орындайтын: сыныбының оқушысы:
3.Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Келесі ән:
Орындайтын: сыныбының оқушысы
4.Жез таңдай, күміс көмей, дана уыз,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың бал дәуренін өткізіп,
Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз.
Ән:
Орындайтын
- Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талап пен анықтадың .
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаным, Келесі ән кезегін
сынып оқушылары:
6.Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымды,
Жалындатып шарықтағын әр дайым.
Келесі кезекті сынып оқушысы
Орындауында әніне береміз.
7. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.
Кім өнерлі, бұл кеште үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ қазы алқасы атыңды ақта
Жұлдыздарға арман мен бақыт жолда.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай
Күн сайын өркендейміз өзгереміз
Ұл-қызың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділ-қазы қонаққа сөз береміз.
Марапаттау
Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектер мен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осы мен аяқталды байқауымыз.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!
Мектеп жұлдыздарының ән- шашуы
1-жүргізуші:
Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз
Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамызда атақты оқушылар бар
Барлығына белгілі танылған жас.
Құрметті қонақтар, бүгінгі мектеп жұлдыздарының ән-шашуына қош келдіңіздер.
Алтын ұя шаңырағымыздың мақтанышы, әнші өнерпаздарымыз ————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-
Мектебіміздің бұлбұл әншісі әндер байқауында эвокал номинациясының иегері атанды.
Ду қол шапалақпен ортаға ҚызырАлтынгүлді шақырамыз.
Алайық жаңа бидің бәрін жиып
Жандырған ой-қиялдың қалың күйін
Берейік кезекті біз сәби биіне
Қошеметтеп оларды қарсы алайық
«Қуыршақтар» би тобы
Алтын ұямыздағы өнерпаздарымыздың бірі Ғаріп Дидар-Степногорск қаласында өткен «Жас батыр 2010» байқауының 2 орын жүлдегері. Сіздердің назарларыңызда ду қол шапалақпен «Жас әнші батырымызды» «Бал балдәурен» әнімен ортаға шақырамыз.
«Өлең сөздің патшасыі сөз сарасы» дегендей бос уақытын өлең шығарумен өткізетін мектебімізде жас ақындар да аз емес. Солардың бірі Махметов Қуаныш қалалық Абай оқуларына белсене қатысып, 2008, 2009, 2010 жылдары жүлделі 2 орын, ал 2011 жылы жүлделі 1 орынға ие болды. Көкшеде өткен Абай оқуларында лауреат атанды.
«Жас батыр-2010» қалалық байқауында 1 орын, облыстық байқауда лауреат атағына ие болды. «Алтын қалам 2011» жас ақындар байқауында жүлделі 1 орын алды. Сіздердің назарларыңызда жас ақын Махметов Қуанышты «Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ» өлеңімен ортаға шақырайық.
«Әзілің жарасса Бозжорғамен ойна», алдарыңызда мектебіміздің әзілді сүйер «Боз жорға» көңілді тапқырлар командасын шақырамыз.
Күмбірлі күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке
Елігіп тұла бойың балбыраған
Домбыра ансамблі
Мектебіміздің жас әншісі Төлеубай Камиланың орындауында «Маленькая страна» әні.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
«Балапан» би тобы.
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірілігі
әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
сезіміңді серпілтетін жыр гүлі
Сартаев Диастың орындауында «Ұландары елдің» әнін тамашалаңыздар.
Қолына көк сия алып, ақ қағазға түсірген шығармалары қалалық «Алтын қалам» байқауынан 2010-2011 оқу жылында жүлделі 1 орын, республикалық «ЮНКОР года-2011» байқауында мақтау грамотасына, биылғы оқу жылында тілдер мерекесіне арналған шығармалар байқауында 1 орын иегері Мейрам Камила бос уақытында сурет салумен шұғылданады. Оның суреттері республикалық «Айгөлек» журналында басылды. Былтырғы оқу жылының мамыр айында «Человек труда-работа это красиво» сурет байқауында сыйлықпен марапатталды. Жас қаламгердің мақалалары «Степногорск ақшамы», «Педагогический вестник» газеттерінде жарық көрді.
Ортаға жас қаламгер Мейрам Камиланы шақырамыз.
«Әнкөңілдің ажары» демекші ортаға танымал жұлдымыз Құбайдолла Даниярды …………..әнімен ортаға шақырамыз.
Сонымен қымбатты қонақтар сіздерге арналған концертіміз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға мың да бір рахмет.
Менің алғашқы ұстазым» атты кездесу кеші.
Жүргізуші:
Ж-1
Армысыңдар достарым армысыңдар,
Құрбы,құрдас, шәкірттер бармысыңдар,
Осындай мерекелі той кездесуді
Қосыла қуануға барымсыңдар.
Ж-2
Бұл тойға барша достар жиылып тұр,
Тілегі күн нұрындай құйылып тұр.
Ұстаздардың қызықтарын бөліскелі,
Сағынысып сан жүрек жыйлып тұр..
Армысыздар кешегі жалынды жастар, қарымды ұстаздар, қауымы! Өнер мен ғылымның қасиетті тұғыры болған оқу ордамыздағы дәстүрлі кездесуімізге қош келіпсіздер..
Жүргізуші-1
: Жалын мен жырдан жаралған
Әні мен сыры – ақ арман.
Өнерпаз жастар алдыңда,
Намыс пен нұрдан жаралған!
Мәдениет пен әдебиетті, білім мен өнерді бір қазанда қайнатқан ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші-2
Ұстаздар-ұлы істер, ұлт мерейін өсірер керемет жанкешті жандар. Өйткені, олардың алдынан біздің келешектегі көсегемізді көгертіп ұлғайтар біртуар, кесек тұлғалар қанатталып жатыр. Ұстаз- ұлы тұлға. Бүгінгі кездесуіміз «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ұлы Абай атамыздың қанатты сөзімен астарласып жатыр.
Ж 1
Кие тұтқан ән менен күй өнерін,
Ұстаздықты ежелден сүйеді елім.
Ортаның көркі енсін деп беу ағайын,
Шақырайық осы той иелерін.
Ән шашу. «Ұстазым менің, ұстазым»
Ж-2
Көрсетіп ойдың өресін,
Айтыңдар ойдың төресін,
Жұртқа тауып жақсы сөз,
Биік болсын белесің.
Жүздіріп ойдың кемесін,
Жарым –ырыс жақсы сөз,
Жаныңды нұрға бөлесін.
Шешен сөйлеу қашанда,
Биік шыңы өнердің.
Сендер айтқан тілекпен
Көсегесі елдің көгерсін.
Сөз кезегі 38 ЖНББ мектебінің директоры Әбілғазиновқа беріледі.
Ж-1
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сіздерге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рақыметін.
Ж-2
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ұстаздарға арналған көрініс.Ұстаздар бейнесін салу.
Ж-1
Дос болса өткізбедік қыл арадан,
Туғаннан артық көрдік бір анадан.
Қайырым мейлі кімге істесек те,
Халықпыз қарымтасын сұрамаған.
Дос көңілі егіз екен, бірін-бірі өзім дер,
Досқа деген ақ ниетті жүрегіңмен сезіңдер.
Өміріңді өрге қарай жетелейтін талмастай,
Досқа деген аса мөлдір сезімдер.
Педагоги все прекрасны,
Каждый чем-то, да хорош
Только лучше чем учитель
Не старайся не найдешь!
Сөз кезегін ұстаздарға берейік. Ұстаздар бір-біріне арналған тілектерін айтсың.
Ж-2
Оқушыны ең алдымен, көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді» деп Я.Корчак айтқандай келесі кезекте ұстаздарға арналады көріңіздер.
(Би)
Ж-1
Бақытыңды бағалай біліңдерші.
Бүгін думан риясыз күліңдерші.
Ақ жарқын, ашық көңіл, ақ жүрекпен
Ойнап-күліп, қуанып жүріңдерші!
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.
Қашан көрсең жақсының жанындамын.
Іздегенмен жаманға табылмаймын.-дей келе
мына ән ұстаздар сіздерге арналады.
Ж-2
Ұстаздың берген дәрісін,
Шығармай естен мықты ұстап.
Санамыз өсіп, ер жетіп
Келеді уақыт, жас қыстап
Не дейін саған, недейін?
Балалық өмір – жастық шақ
Ж-1
20 ға келгенше сұлу болмаған, одан кейін сұлу болмайды.
30 ға келіп күшті болмаған, одан кейін күшті болмайды.
40 дейін ақылы кірмеген, өмірі ақылы болмайды.
70 келгенше немере сүймеген,
өмірі шал болмайды. (Ұстаздар келбеті)
Ж-1
Алдыда күтіп, қол бұлғап таңдар ағарған
Жетелеп барад, жетелеп барад ақ арман
Бала болған көп жылдың соңғы ширегі
От болып шықты, жас болып шықты жанардан.
Ж-2
Ұстаздық құт береке даналығы,
Сезілер әр існен даралығы.
Ұстаз деген сезімнің ақындығы,
Тіршіліктің ғұмырлық даналығы.
Қорытынды: Ұстаздарға арналған кешіміз өз мәресіне жетті. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп, Абай сөзімен кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. Ешқашан шаршамаңыздар, асыл ұстаздар!
Ән көгінің сұнқары — Шәмші
Жарияланды 9-01-2013, 22:43 Категориясы: Музыка
«Ән көгінің сұңқары — Шәмші»
Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарийі.
1 – жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?
Өз — өзімнен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір — өмір ме, қаңсымай ма?
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын
Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?
Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
— Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.
2 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!
1 – жүргізуші: Бірақ біз — ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыз өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір – ақ адам. Ол – Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұңқары – Шәмші » атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
2 – жүргізуші:
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, — деп
Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік.
Ән «Ақ бантик» орындайтындар Толғанай, Гүлден, Мұратова Әйгерім қабыл алыңыздар
1 – жүргізуші:
Адам жылап туады,
Жатады оны жұбатып.
Және жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын.
Осылай деген уа, Қадыр аға неткен ерсің!
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов.
2 – жүргізуші: Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді.
Бейнебаян «Шәмшінің өмірі»
1 – жүргізуші:
Табады асыл сөзді ер данасы,
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып,
Тыңдасын мына халық шабыттанып.
Сахнаға Қуаныш Айдананы ортаға шақырайық.Айдананың орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән
«Бақыт құшағында» қабыл алыңыздар.
Көрініс:
Қалқожа Жолдықпаев – Багдаулет 5 «а» кл
Шәмші Қалдаяқов – Мустафин Марат
Қасындағы жігіттер – Нурдаулет, Темирлан, Нурбек
2 – жүргізуші: Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын» деді
— Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын?
— Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?
— Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.
— Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?
— Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді….онда шаруаң бар?
— Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып тұрды.
— Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді Қасымдағылар.
— Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, — дедім мен. Шәмшінің
«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті.
Ән «Арыс жағасында» орындайтын Нурбек және Толганай. Қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған кештеріне бірін – бірін.
Көрейік тамашалап көрермендер,
Жас биші аруларымыздың өнеріне.
Сахнаға 3 «ә» класс оқушыларын шақырайық «Қара жорға»биі
қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші:
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300 – ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын.
Маратова Айгерим, Толганай, Куаныш Айдананын орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән
«Әнім сен едің» қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?
2 – жүргізуші: Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол АНА !
АНА – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерінің қай – қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған.
«Ана туралы жырдың» тууы
Әннің шығуына себеп болған Шәмшінің ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
— Балам, — деді көзіне жас алып, — жалғыз тілегім сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам.
— Апа, қарыздармын саған….Қарыздармын, апа!…Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, — деді Шәмші.
1959 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.
Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.
Толғанай, Гүлден және хор
Диана, Гулден, Ару, Балжан, Бекзат, Диана, Аяжан
«Ана туралы жыр»
1 – жүргізуші: Бірде бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй – күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүнген қызы» атты әнін .Жұмабеков Нұрбектің орындауында қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. 1963 жылы Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы Жарқымбек Қаржаубаевтың нұсқауымен ән – би ансамблін құру керек болды. Бағдарлама дайын болғанда ансамблдің шыққан тегін, затын, білдіретін, жалау етіп ұстайтын ән жоқ екен. Сол кісінің тапсырмасымен Алматыдан Шәмші Қалдаяқовтың шақырып алып, «Сыр сұлуы» әнін жазғызады. Сөзін Зейнолла Шүкіров жазған.
Маратова Айгерімді шақырайық. Айгерімнің орындауында
ән «Сыр сұлу» қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеулеріне қарағанда Шәмші Қалдаяковтің «Нан», «Арақ», т.б.бірнеше поэма жазған. Бәлкім, қолжазбасы табылып қалар. Жоқтаушысы да жоқ емес. Академик «Халық қаһарманы» М.Әлиев Ш.Қалдаяқов атындағы «Шарапат» қорын құрып, біршама ізгілікті жұмыс атқарды. Көше берілді, ескерткіш орнатылды.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов өткізіп отырған Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивальдерінен кейін шоқтығы биік жұлдыздардың пайда болуы ел үшін үлкен жетістік.
2 – жүргізуші:
Әлі де бұл кеудемде толмай арман,
Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,
Қол созып құшақ жайған қандай адам?
Жүрегім сәулесінен дірілдеген,
Көктегі күнім бе екен күлімдеген
Әлі бір көктемдегі сандуғаш па?
Жанымды елжіреткен үніменен?
Қалайша жүрегімді алдай алам,
Мен оны жалғыз соған арнай алам.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,
Дариға – ай, құшақ жайған қандай адам?
1 – жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов тек қана композитор емес, бата беруге де өте шебер болған. Бір ғажабы, оның берген баталары бір – біріне ұқсамайды екен. Осындай біртуар, қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге біз берейік.
(Шәмшінің батасын Темірлан айтып береді:)
Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Дастарханың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырын ұзын болсын,
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін!
Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын!
Босағаң – Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын
Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес,
Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин
2– жүргізуші:
Шәмші, Шәмші болғалы өтті небір замандар,
Бірін – бірі күндеумен өтіп жатыр адамдар.
Қулар менен зұлымдар өмір сүре біледі,
Қай заманда болса да солар ғана күледі.
Шындықпенен жүрсең сен жексұрын боп қаласың,
Етек – жеңнен тартқылап қайда қазақ барасың?
86 қырғынаң есіңе алшы кешегі,
Желтоқсанды есіңе жастар шыққан көшеге!
1 – жүргізуші:
Мұқағали, Шәмшілер тірі шақта шіркін – ай!
Қошеметін қазақтың көрмеді ғой бір күні – ай!
«Ештен – дағы кеш жақсы» деді қазақ бабамыз,
Егемендік алып ап, гүлдеп жатыр даламыз!
Қолымыздан келгені осы болды біздердің,
Ойыңыздан шықтық па, білмейміз біз сіздердің?!
Осыменен Шәмшіні зерттеп біттік демейміз,
Жалғастырар болсаңыз, біз де сізге келеміз!
1 – жүргізуші: (Ш.Қалдаяқовтың «Поппури» әні орындалады.)
Жумабеков Нурбек, Маратова Айгерим, Мукангалиева Толганай
2 – жүргізуші:
Қош Шәмші!
Қош Шәмші! «Қош!» — деген сөз ауыр қандай!
Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,
Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,
Тал, түсте ақыл — естен жаңылғандай,
«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,
Отырмын ой тантырап, әлі нанбай.
Аққудың жерде жүрген бір баласы, —
Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай.
Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,
Рахат теңізіне малынғандай.
Сен болып бүкіл дала жырлаушы еді
Құдайдан тілегені табылғандай.
Шаршамай шабытыңның ақ сұңқары
Самалда самғаушы еді сабыр қалмай,
О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние,
Бұлбұлды күн туды ма сағынғандай!
1 – жүргізуші:
Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,
Ардақтап сен жырлаған анаға біз.
Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,
Алдымен қазақ деген – данаға біз.
Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,
Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,
Әлемде ән өлуі мүмкін емес, —
Өлмейді сен туралы қалған аңыз!
2 – жүргізуші:Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.
1 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, Ш.Қалдаяқовтың «Ән көгінің сұнқары — Шәмші» атты кешті жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
Әдеби кеш «Ж Ы Р – Ж А Ң Б Ы Р»
04.04.2012, 11:20 | |
Кештің сценариі «Ж Ы Р – Ж А Ң Б Ы Р» 1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! — Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағалары баршылық. 2-жүргізуші: — Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды жерлесіміз Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Жанбаев Полатбек Тілләбайұлына арналған «Жыр жаңбыр» атты кешімізге қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: — Бүгінгі кешіміздің мақсаты – ақын туралы, елі елеңдеп жүрген елгезек ер туралы ой-пікірімізді айту, оның өлеңдерімен танысу. 2-жүргізуші: — Олай болса, ақын, журналист, сатирик Жанбаев Полатбек Тілләбайұлын қошеметтеп кешіміздің төріне шақырамыз. (Жанбаевты төрге шақыра отырып, гүл шоғын ұсыну) (Презентация) 1-жүргізуші: — Автор жайлы айтар болсақ, Полатбек Тілләбайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысына қарасты Тамды ауданындағы «Аяққұдық» ауылдық Кеңес аумағындағы Ленин атындағы ұжымдық шаруашылықтағы шаруа жанұясында дүниеге келген. 1980 жылдан бері өлең жазумен айналысатын қаламгер қазір кемелдене түскен шағында. Ол проза, поэзия, сатира саласында өнімді қалам тартып жүр. 1985 жылдан бері журналистика саласында еңбек етеді. Ташкенттен шығатын республикалық «Нұрлы жол», Тамды аудандық «Тамды шаруагері» газеттерінде еңбек етті. 1987 – 1993 жылдары Алматы қаласындағы ҚазМУ – дың журналистика факультетінде оқыған. 2-жүргізуші: — Полатбек Жанбаевтың жеке және ұжымдық авторлар топтамасында кітаптары жарық көрген. 2001 жылы Ташкент шаһарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген халықаралық журналистер байқауында жүлделі 3-орынды иеленген. 2005 жылдан «Степногорск ақшамы» газетінде еңбек етуде, қазір осы газеттің редакторы. Жанұялы, жолдасы Қалдыгүл Көшекқызы, балалары: Манас, Қарашаш, Нұрсұлтан. Полатбек Тілләбайұлы талай байқаулардың жүлдесін жеңіп алған. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне өткен ақындар мүшайрасында Ақмола облысы бойынша 1 – ші орныды иеленген. 1-жүргізуші: (Кітап көрмесі) — Сіздердің назарларыңызды Полатбек Тілләбайұлының жетістіктері мен шығармашылығына арналған «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен » көрмесіне аударуларыңызды сұраймын. — Ал, енді сөз кезегі «Мемлекеттік тілдерді оқыту» орталығының басшысы Сейтназаров Молдабек Бердіқабылұлына беріледі. — Жуық арада Полатбек Жанбаевтың кітабы жарық көрмек. Біз осы өлеңдер жинағыңызды сізбен бірге асыға күтудеміз. — Полатбек аға, осы «Жыр жаңбыр» жинағы туралы қысқаша айтып берсеңіз! Бұл жинаққа қандай өлеңдер енді? — Ал енді, мектеп оқушыларынан осы кітапта басылып шығатын туған жер, тәуелсіздікке арналған өлеңдеріңізді тыңдасақ. 1. №9 мектептің 9 «в»сынып оқушысы Әділхан «Елбасым» өлеңі 2. Халилоллаева Меруерт 8 «в»сынып «Әнұраным» өлеңі 3. Талғатов Мұхтар 9 «в» «Қазақстан жалауы» 4. Тойлыбаев Айтқұл 9 «в» «Елтаңбам» (Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Есенберді Алибаевтің жыр шашуы 2-жүргізуші: 2-жүргізуші: — Келесі сөз кезегі Полатбек Жанбаевтың әріптесі Қалиева Жұлдыз Жүсіпқызына беріледі. 1. №5 көпсалалы мектеп – лицейінің оқушысы Ташполатова Құралай «Журналист» өлеңі 1-жүргізуші: (Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық жыр шашуы Залда отырған мектеп оқушыларының сұрақтары: — Өзіңіздің шығарған өлеңдеріңіздің ішінде жаныңызға жақыны қайсысы? Оқып бере аласыз ба? Т.б. 2-жүргізуші: |
№ 182 мектепте өткізілген
мұғалімдер күні мерекесіне арналған
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!
ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі» — деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін — өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет!
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
үлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сценарий
Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
— Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
— Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!
(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын — деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 «А»
— сынып жетекшісі Донгелекова Балайша Ануарбекқызы және 11 «б» сынып жетекшісі Омарова Аманкүл Байтұрсынқызы
Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Ойы ұшқыр Айдана
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.
Ер жүректі Асан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Самат сыныптың жүрегі.
Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Толғанай.
Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Нұрсұлтан.
Біздің сынып басшысы
Алуа болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.
Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Ерлан жақсы біледі.
Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Төрт қыздың бастығы
Ол,әрине,Толғанай.
Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Қобыландыдай жігітті.
Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Гүлнұрды
Жауқазын гүлге теңейміз.
2 қатардың баллары
Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Маржан
Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Ұлпанды.
Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Ақсәуле.
Айдай сұлу Назирамыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .
Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол Айдана дер едім.
Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Аэлита келеді.
Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Гүлімді
Барлық досы қолдайды.
Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы Әсемді.
Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Әсем өнерлі.
Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.
Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.
Ортамыздың ажары
Перизаттай ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.
Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
— Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ — жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап «Жұлдызды кеш» деп атайық.
Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.
Жүргізуші: 2011 жыл Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
— Түлектерімізді орындарына қошеметтеп шығарып салайық.
МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген орындықтарына орналасады)
Жүргізуші:
— Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
(Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
— Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Жолдыбаева Күляш Рахымқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
— Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау кезегiн Жезқазған қалалық әкiмшiлiгiнен келген қонақ ——————————————————————- берiледi.
ФОН
Жүргізуші:
-Түлектердiң шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз қуанышын бiлдiрушi Жезқазған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлiмiнен келген қонағымыз ———————————————————————————————————————— берiледi.
ФОН
Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , «Жұлдыздар» келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.
Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.
— Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директора Жолдыбаева Күляш Рахымқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смайлова Сауле Тұрсынқызын ортаға шақырамыз.
-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, мектеп бітіруші түлектеріміз!
Куляш Рахимовна Жанабай Айдананың аттестатыныңмәтінін өзі оқиды қолға аттестатын тапсырады
Қосымша винеткалары грамоталары беріледі
«Жұлдызды кештiң» аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ — бұл су, яғни Суды қорған етер топтың жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда тұрған Су атасының балалары:
Айдана Ж , Перизат
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
Жүргізуші Қорғаны су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал болып келедi.
Шаяндар: өздерiн әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар
болады. Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра алады.
Жүргізуші: Бұл өмірде өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер. Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.
-Олай болса, Су атаның балалары да тегiн болмады. Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған тілегін тыңдайық.
Тілек айтады Айдана Ж , Перизат
Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
Мендеш ,Айдана Ә, Гүлім, Маржан, Ұлпан, Толғанай .
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер Ананы қорған қылар топ өз тілектерін жеткізбек
(топтан сойлейтін АЙДАНА Ә. )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.
Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.
Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы, суқұйғыштар. Қарсы алайық:
Алуа, Толғанай Ж., Ақсауле , Самат, Қобланды, Нұрсұлтан, Жұлдыз, Назира
-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған тілектерін жіткаізбек
(топтан сойлейтін САМАТ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
— Рахмет сіздерге. Биіктен көрініп бақытты болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына қошеметпен шығарып салайық.
Жүргізуші: Мiне, ең соңғы «жұлдыздар» тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
АсемӘ, Асем Т, Ерлан, Аэлита , Гүлнұр, Асан
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз «эстрада жұлдыздары бола алады » деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан сойлейтін ЕРЛАН )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
— Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздарын орындарына қошеметпен шығарып салайық.
— Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз «жұлдызды шақтарың» туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр, бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер , Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр , бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр, бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы жоқ ешқашан томендеуге
— Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектер атынан құттықтау соңгы сөз кезегi 11а сынып түлегі Сарбаева Гүлнұрға берiледi
(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай — талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
10-ші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!
(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )
ӘН «ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады .
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!
Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , — дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
11 «А» сыныбын бiтiрушi түлегі Құлманова Гүлімнің ата-анасы Несібелді Ибатаевнаға беріледі
11 «б» сыныбының бітіруші түлегі Аппазова Аэлитаның ата-анасы Қамбар Тасқымбаевичті ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
ФОН
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
Соңғы қоңырау үнін шығару
Екі жақтан екі оқушы ҰЛ бала ҚЫЗ бала
-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг шашылады