Бағдарламаны қамтамасыз ету. Компакт дискіден бағдарламаны іске қосу, орнату

Сабақтың тақырыбы: Бағдарламаны қамтамасыз ету. Компакт дискіден бағдарламаны іске қосу, орнату

Сабақ №1

Сабақтың тақырыбы:

Бағдарламаны қамтамасыз ету. Компакт дискіден бағдарламаны іске қосу, орнату.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске

қосу туралы түсінік беру, жаңа мағлұматтар беру.

 

ә) Дамытушылық:              Тапсырмаларды орындау барысында теориялық

білімдерін тиімді пайдалану, компьютермен жұмыс істеу

іскерлігін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік                   Затқа деген жауапгершілік, затты күтіп ұстау сезімін  ояту

және тәрбиелеу;

 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

 

 

 

 

 

  1. Мой компьютер капшығын ашыңдар.
  2. Е немесе F: дискінің белгішесін екі рет шертіңдер.
  3. Пайда болған қапшықтың терезесінде суретте келтірілген файлдарды іздеңдер.
  4. Егер бұл файлдардың екеуі де бар болса онда Install-ды таңдау керек.
  5. Қондырғыны іске қосу үшін табылған файлды екі рет шертіңдер.

Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар:

Yes, No, Agree, No; Да; Нет; Согласен; Не согласен.

Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree, Да; Согласен таңдаймыз.

OK , Next немесе Далее мысалы, компьтер ойынын орнатып көрелік.

 

 

Ойынды іске қосу

  1. Мой компьютер қапшығын ашыңдар.
  2. E немесе F: қатқыл дискінің қапшығын ашыңдар.
  3. Егер сендер терезеде орнату орны жөнінде ештеңе өзгертпеген болсаңдар, Games қапшығын ашыңдар.
  4. Ойынның атына ұқсас аты бар қапшықты ашыңдар.
  5. Ойынның аты мен .ехе кеңейтуі бар файлды екі рет шертіңдер.

 

Архиві өзі ашылатын ойындар

  1. Мой компьютер қапшығын ашыңдар.
  2. СD-ROM: дискіciн  ашыңдар.
  3. D: дискінің қапшығында ойынның аты мен .ехе  кеңейтуі бар файлды екі рет шертіңдер.Қапшықтың аты ойынның атымен бірдей, ал ішінде exe файлы болады, онда қапшықтың белгішесінде екі рет шертіп ашыңдар да, файлды тағы екі  рет шертіп, оны іске қосыңдар.
  4. Егер пайда болған терезеде Destintion foolder өрісі бос болса, онда мына сөздерді енгізіңдер С:/Gemes/Ойынның аты

Ойынды іске қосу

  1. Мой компьютер қапшығын ашыңдар.
  2. С: қатқыл дискінің қапшығын ашыңдар.
  3. Games қапшығын ашыңдар.
  4. Destintion foolder өрісінде өздерің Ойынның аты сөздерінің орнына жазған қапшықты ашыңдар.
  5. Ойынның аты мен .ехе кеңейтуі бар файлды екі рет шертіңдер.

Біз бүгін Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу тақырыбымен таныстық. Ойынды орнатып оны іске қосудың әдіс-тәсілдерін үйрендік. Енді компьютерде ойынды өзіміз орнатайық.

Үйге тапсырма беру:  Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу