Ою өрнектің қолданылуы.

                                                 № 5 орта мектеп

 

 

 

 

 

             

 

 

 

                      Өткізген:

                      Технология пәнінің мұғалімі Арзықұл Ж.Н.

                      Сыныбы: 5 «В»

 

 

 

 

                                                 Шалқар қаласы

                                                       2012 жыл

 

Сабақтың тақырыбы: Ою өрнектің қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «Өрнек түрлерін қию әдістерін меңгеру»

  1. Тәрбиелік: «Оқушыларды ұқыптылыққа, салт дәстүрді қадірлеуге үйрету»
  2. Дамытушылық: «Шығармашылық қабілетін,дүниетанымын дамыту».

Сабақтың түрі: аралас,дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.

Пән аралық байланыс: тарих, сурет, сызу.

Көрнекілігі: ою өрнек үлгісі, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушыларды түгелдеу

Ә) құрал – жабдығын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Интерактивті тақтамен жұмыс:

  1. Бедерлеп ою түрін көрсет
  2. Жұмырлап ою түрін көрсет
  3. Кертіп ою түрін көрсет
  4. Ағаш түрлерін көрсет
  5. Дөңгелектелген түрін көрсет
  6. Жаңа сабақ.

Балалар, осы ашық сабақты мына өлең жолдарымен ашқым келеді:

Қолөнер құрақ – құрау ою — өрнек,

Атты баптап айыл тұрман қалшы өрмек

Салт дәстүрі ешкімге ұқсамаған,

Қазақтар ғой байлаған жіпті күрмеп

Ою өрнек ертеден келе жатырған өнердің бір түрі. Бұл ою — өрнектердің түрлерін мұражайлардан көруге болады. Адамдар ерте кезден ақ ою — өрнектер тасқа, сүйекке бейнелеген. Ал қазіргікезде үй бұйымдарына , киім – кишектерге, жиһаздарға, әшекейлерді де бейнелеп келеді. Бұл ою — өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінге дейін қазақ ою — өрнектерінің 200 жуық түрі анықталған. Ою дегеніміз бір өрнекке салып қиып алған үлгі.

Ою — өрнек латынның орнамент деген сөзінен келеді.

Ою өрнек түрлері

 

  Көк әлеміне                           Малға                           Аңға                         Құстарға

  байланысты                    байланысты                байланысты                байланысты

                          Жер су                                 Қару                        Геометриялық                   Құрт —                                          

                        өсімдікке                        құралдарға                       фигураға                  құмырсқаларға    байланысты          байланысты     байланысты                 байланысты

 

 

 

 

Түрлері

 

Атауы

 

 

1. Көк әлеміне байланысты

 

Ай, айшық, жұлдыз, күн, шұғыла

 

2. Малға байланысты

 

Айыртұяқ, арқармүйіз, атерін,  қошқармүйіз, тайтүлік, түйетабан

 

3. Аңға байланысты

 

Бөрікөз, бөрібұлақ, иттабан, иттіс

 

4. Құрт – құмырсқаларға байланысты

 

Алақұрт, жұлдызқұрт, құмырсқа, көбелек,

 

5. Құстарға байланысты

 

Қазмойын, қазтабан, құстабан, құсқанат, құсмұрын

 

6. Жер су өсімдікке байланысты

 

Ағаш, бітпесгүл, жапырақ, ирек, ирексу, райхангүл, үшжапырақ, шиыршық

 

7. Қару құралдарға байланысты

 

Айбалта, айыр, балдақ, балта, қармақ, шынжыр

 

8. Геометриялық фигураға байланысты

 

Қосдөңгелек, қостұмарша, төртқұлақ, тұмарша, сүйір

Сонымен қатар ою — өрнектерге симметрия заңын пайдаланамыз. Ою — өрнектің екі жағының бірдей болуы симметрия заңы деп аталады. Ою — өрнектерде бір элементтің қайталанып отыруын ритм дейміз. Ою — өрнекті қолданғанда түстердің үйлесімділігіне де мән береміз. Бір – бірімен үйлесім табылған кезде колорит жасайды. Сонымен қатар олар заттың бетіне ретпен орналасу керек. Бұл орналасу композитиясы деп аталады. Ою — өрнектерде бір элементке екінші , үшінші элементтерді қосып, толықтырып композиция жасайды.

Бүгін біз қошқармүйіз оюын ойып үйрететін боламыз. Ол үшін бізге қағаз қажет. Тіктөртбұрышты қағазды аламыз, оны екіге бүктейміз, оюдың суретін саламыз.

 


 

Енді осы оюды қиып аламыз.

Сарамдық жұмыс: оюды қағазға суретін салып, қиып көрсету.

  1. Сергіту сәті:
  2. Өнерлінің ________________ алтын,

Өлеңшінің _________________  алтын.

  1. Білекті бірді жығар

Білімді                            жығар.

  1. Ойсыздан шықпайды
  2. Туа білмейді
  3. Көп жасаған білмейді

                                      _______________________ біледі.                                                    

  1. Өрнегі көптің _________________

 

  1. Сабақты бекіту: Жарайды балалар, енді біздер Ою хан еліне барамыз. Мен сендрге оюға байланысты ертегі айтып берейін.

Баяғыда бір Әділхан деген хан болыпты. Ол ханның ою — өрнек, тоқыма, құйма өнерін меңгергендегі соншалықты үйлерінің іші – сырты киім – кишек, жиһаздарының барлығы оюланған болыпты, тіпті өздері де ою арқылы сөйлесе алатын болған. Сол себепті де ол елдің ханын Ою хан деп атаған.

 

Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол хан ескі салт дәстүрді жойып, жаңаша өмір құрмақ болыпты. Ою ханды зынданға салып тастапты.

  • Уа хан ием: Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп барамыз деп, жөн айтқан адамдарды сыбайлас деп. Сондықтан оны халық жою хан деп атапты.

 

  1. Қорытындылау: Сұрақтары

 

 

№                        Сұрақтары                                             Жауаптары

 

 

1        Ою өрнек латынның қай сөзінен келеді?

 

2         Компазиция дегеніміз не?

 

3        Симметрия дегеніміз не?

 

4         Ритм дегеніміз не?

 

5         Колорит дегеніміз не?

 

6         Ою дегеніміз не?

 

7          Ою — өрнектің неше түрі бар?

 

8          Ерте кезде ою — өрнекті неге бейнелеген?

 

9          Қошқармүйіз оюы оюдың қай түріне жатады?

 

10         Ою — өрнекпен нелерді әшекелейді?

 

  1. Үйге тапсырма: Оюды аяқтау, ағаш ікелу, ойылған оюлар әкелу.
  2. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысымы бойынша баға беру.