MS Excel электрондық кестесі, кесте құрылымы және элементтері.
Сабақтың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесі, кесте құрылымы және элементтері.
Сабақтың мақсаты: MS Exsel электрондық кестесі, кесте құрылымына
түсінік беру.
Білімділік: Оқушылардың кесте элементтері туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Кестенің құрылымымен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс столы, суреттер, плакаттар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың оқу құралын тексеру
- Үй тапсырмасын тексеру: Сөзжұмбақ арқылы деректер енгізуді
пысықтау.
1 | Т | Ү | Й | І | Н | Д | і | |||||||
2 | М | Ә | Л | І | М | Е | Т | |||||||
3 | С | Ұ | Р | Ы | П | Т | А | У | ||||||
4 | E | X | S | E | L | Т | Е | Р | Е | З | Е | С | І | |
5 | К | Е | С | Т | Е | |||||||||
6 | М | А | Т | Р | И | Ц | А | |||||||
7 | П | Р | И | Н | Т | Е | Р | |||||||
8 | М | О | Н | И | Т | О | Р |
9 | Б | А | Й | Т | |||||||||||||
10 | Ж | О | Б | А | Л | А | У | ||||||||||
11 | А | З | Б | А | |||||||||||||
12 | Л | О | Г | И | К | А | Л | Ы | Қ | ||||||||
13 | Ө | Р | І | С | |||||||||||||
14 | Ұ | Я | Ш | Ы | Қ | ||||||||||||
- Деректердің сұрыпталуы орындалатын өріс қалай аталады?
- Ұяға (сан, мәтін, формула) түрінде не енгізуге болады?
- Берілген ретпен жазбаларды орналастыру операциясын не дейміз?
- MS Exsel программасы іске қосылғанда мониторда не көрінеді?
- Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар қалай аталады?
- Кесетдегі объектілер аталуын алып тастасақ, онда қандай математикалық қарапайым сандық кесте пайда болады?
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.
- Компьютерге енгізілген ақпаратты қайдан көре аламыз?
- Ақпараттың өлшем бірлігі
- Деректер базасын теориялық тұрғыдан тұрғызу дегеніміз не?
- Реляциялық деректер базасындағы қатардың аталуы
- Ақиқат немесе Жалған деген мәндерді қабылдай алатын тип атауы
- Реляциялық деректер базасындағы бағананың аталуы
- MS Exsel программасында мәлімет енгізілетін кестенің ең кіші бөлшегі.
- Жаңа материалды меңгеру.
MS Excel программасын іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі болады.
MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1 – кітап деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.
Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін құру /создать/ батырмасын шертеміз немесе [Ctrl + N] қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап, 3 – кітап т.с.с. болады.
MS Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар тақырып қатар орналасқан.
MS Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.
Үшінші және төртінші жолдары Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптапры.
Бесінші жолы Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың — әрбір тордың мазмұны көріп, формулаларды өңдеуге болады.
Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары /қатарлары/ санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.
Терезенің ең төменгі қатары – Қалып қатар, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысын немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.
Кітап парақтарының құрамы
/қатар, бағана, ұяшық/.
Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиым /массив/ болып келген бір электрондық кесте сақталады.
Excel – 97 электрондық кестесінде бағаналар саны – 256, ал қатарлар саны – 654 536 – ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді /мәтін, сан, немесе формулалар/ енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216 – ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.
Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор орналасқан ұяшық. Екпінді ұяшық деп аталады.
Бағаналар А – Z, одан кейін реті бойынша АА –АZ, ВА – ВZ, … , IV латын әріптерімен белгіленеді.
Қатарлар 1 — 65 536 – ға дейінгі сандармен нөмірленеді.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі бар. Мысалы А1 – бірінші ұяшықтың, ал IV 65 536 соңғы ұяшықтың адресі болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады
Ұялар ішіндегі мәлімет.
MS Excel кестелерінде кез – келген ұяға мәліметтердің үш түріне енгізуге болады, олар: текст, сан және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды сол ұяға алып барып, керекті деректерді пернелерді /240 таңбаға дейін/ теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. MS Excel енгізілген мәліметтің формула, сан немесе текст екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ — әріп немесе “ ‘” /апостроф/ болса, онда ұяға текст енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе “ = ” болса, онда ол ұяға формула немесе сан енгізілетін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады
Компьютермен жұмыс жасау:
Тапсырма: Exsel – де кесте сызу.
Қалалардың арасындағы арақашықтық.
Алматы | Қарағанды | Астана | Мәскеу | Ташкент | |
Алматы | 2000 | 2500 | 4500 | 1500 | |
Қарағанды | 2000 | 1000 | 3000 | 2000 | |
Астана | 2500 | 1000 | 2900 | 2000 | |
Мәскеу | 4500 | 3000 | 2900 | 6000 | |
Ташкент | 1500 | 2000 | 2000 | 6000 |
Сабақты бекіту:
- MS Excel – 97 электрондық кестесінде бағаналар саны қанша?
- Қатарлар саны қанша?
- Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны қанша?
- Әрбір ұяшыққа символ енгізуге бола ма?
- Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту.
WORD EXSEL
Үйге тапсырма: Бүгінгі өткен тақырыпты оқып келу.
Қорытындылау: Оқушыларды бағалау, қоштасу.