Жобалық іс — әрекет
Сабақтың аты | Жобалық іс — әрекет | |
Сілтеме | Жоспар, ғаламтор | |
Жалпы мақсаты | Құрылымды басқару типін, модульдік программалау мен нысанаға бағытталған программалау тілін, нысандар класын, қасиетін, әдісін үйрету Бұлтты технологияны пайдаланудың тиімді жақтары мен мақсаттарын ажыратып меңгерту | |
Күтілетін нәтиже |
| |
Негізгі идеялар | /іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау/ | |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық жұмыс Жеке жұмыс
| |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут) 1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу Шеңбер құрып, өз есімдері жайлы ақпарт алу. 2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары орындықтың артында жапсырылған стикер түсіне қарай екі топқа бөлінеді. «Ыстық орындық» әдісі (3 минут) Екі топтан бір оқушыдан шығады екі топ оқушыға кезекпен үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қояды. Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағаланады. ІІ. Жеке жұмыс (7 минут) Құрылымдық программалау деген не? Ол қашан пайда болды? Қай кезде қолданылады? «Жоғарыдан төменге» және «Төменнен жоғарыға» программалау әдістемесін түсіндіріңдер. «Рекурсия» тәсілі қандай жағдайда қолданылады? Модульдік программалау деген не?Нысанаға бағытталған программалау тілі қандай қызмет атқарады? Бұлтты технология деген не? Бұлтты технологияны пайдаланудың қандай тиімді жақтары бар? Бұлтты технология мақсатына қарай неше түрге бөлінеді? laaS,PaaS,SaaS модельдерінің ерекшеліктерін атаңдар
ІІІ. Жұптық жұмыс (10 минут) Оқушылар жұптасып (яғни екі немесе үш оқушылардан жұптасады). Жеке жұмыста қойылған сұрақтар төңірегінде талқылайды. ІV. Топтық жұмыс «Бұлтты технология» (15 минут) Оқушыларға топтасып жұмыс жасауға конвертте екі түрлі тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушылар топтасып жұмыс жасауға дағдыланады және өздерінің топтағы ролін көрсете алады. * Бұлтты технологияның тиімді жақтары * Бұлттық технологияның мақсаты Екі топ постер қорғайды. Постер Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланады
V. Жеке жұмыс: Қосымша тапсырма ІІ тарау бойынша қорытынды тест алу (5 минут) Оқушыларға жеке тест сұрақтары беріледі.Сол сұраққа жауап бере отырып, берген жауаптары дұрыс болса бір жұлдызға ие болады. Қай оқушының жұлдызы көп болса сол оқушы бүгінгі жеке жұмыстың көшбасшысы болады. ҮІ. Қорытындалау (2 минут) Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
| ||
Кейінгі тапсырмалар | Ғаламтор арқылы жаңа сабаққа байланысты ақпарат жинап келу. | |
Кейінгі оқу | Алгоритмдеу және программалау | |