Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі
Сабақтың тақырыбы : Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі
Сабақтың мақсаты :
Білім мен білікке қойылатын талаптар:
Оқушыларда программалау тілдер тарихымен таныстыру, түсінік
беру, жұмыс жасай білу.
Оқытуда: Оқу мен тәрбие ұштасып, қосымша білім алуға
үйретемін,компьютерлік сауаттылығын ашамын және пәнге
қызығушылығын арттырамын.
Дамытуда:Оқушының логикалық ойлауы дамып,ой-өрісі шындалады, өмірге
көзқарасы қалыптасады.
Тәрбиелеуде : Оқушының білімі мен ақпарат алуда біліктілігі қалыптасып,
шеберлікке,еңбекке тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі :Компьютер, граф.проектор, проекциондық экран,
анимациялық көрініс,буклеттер.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі – көрнекілікті лекция сабақ
Сабақтың барысы :
Сынып тазалығын тексеріп, оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу
Негізгі бөлім.
Программалау – хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – аппаратты құралдармен басқару.
Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Ол 0 және 1 символдардан тұрады. ЭЕМ – ді қолдану көп жақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Тарихта бірінші болып процедуралық құырылымды программа пайда болды. Процедурааға бейімделген тіл – Фортран – 50 жылдың ортасында пайда болды. Бұл тіл бірінші және кең қолданылатын программалау тілі. Ол қазіргі кезде инженерлік, ғылыми есептеулер салаларында пайдаланылады. Есептеуші математика аумағында программалау жүйесі процедурадан ауыса бастады. Соның нәтижесінде Алгол – 60 , Паскаль, Модуль – 2 , Си программалау тілдері жетілді. Симула- 67 программалаудың нысанды бейімделген деген жаңа әдіс пайда болды. НБП – толығымен күрделі программа құрғанда көрінеді.
Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, олардың аппараттық құралдарының жан – жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.
Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды.
Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың әртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, есептерді дайындып, жөндеуден өткізіп, шығару үдерістеріне ыңғайлы, жетілдірген пайдаланушы интерфейсін береді.
Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы.
Программалық жасақтаманың деңгейлері пирамидалық жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей бұрынғы деңгейге сүйеніп жасалады.
Базалық деңгей – ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Тұрақты жадта сақталады.
Енгізу — шығарудың базалық жүйесі (BIOS) тұрақты жадта орналасқан. компьютердің құрылғыларын тексеруге, ОЖ – инициализациялауға және монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу – шығару амалдарын орындауға арналған программалар кіреді.
Жүйелік деңгей – өтпелі. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін программаны драйвер дейміз. Жүйелік деңгей программалардың басқа қолданушымен өзара әрекеттесуіне жауап береді. Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады.
Қызметтік деңгей – базалық деңгейдегі мен жүйелік деңгейдегі программалармен тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау, жөндей жұмыстарын автоматтандырады.
Қолданбалы деңгей – қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарады.
Қолданбалы программаларға: мәтіндік редакторлар, графиктік, электрондық кестелер, мәліметтер базасы, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйеелері, web – редакторлар, браузерлер кіреді.
Программалық жасақтамалар функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- Жүйелік ПЖ
- Аспаптық ПЖ
- Қолданбалы ПЖ
Жүйелік программалық жасақтама — компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жабдықтама.
Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік ПЖ негізгі бөлігі болып табылады.
Амалдық жүйе – құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.
Амалдық жүйе ПЖ компьютердің мәліметтерді өңдеу жұмысын, пайдаланушымен сұхбатын ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтер атқарады.
Амалдық жүйе болмаса компьютердің жабдықтары мен программаларына қатынасу мүлде мүмкін болмас еді. Амалдық жүйеде компьютермен Windows терезелік тілдесу тінтуірмен жүзеге асады. Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстеолдер, мәзірлер, бумалар, қосымшалар, құжаттар.
Қызметші (сервистік) программалар – әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер деп аталады. Оларға антивирустық программалар, мұрағаттау программалары, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін диагностика программалады айтуға болады.
Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) – ЭЕМ – ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері. Мысалы: Turbo Pascal программалау тілі.
Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) – әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі.
Оның құрамына ҚПЖ кіреді:
- Жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
- Мәселелік бағытталған ҚПЖ;
- Интегралданған ҚПЖ;
Жалпы мақсаттағы ҚПЖ әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалық құралдар енеді, олар:
- Мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- Графикалық редакторлар;
- Электрондық кестелер процессорлары;
- Мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- Презентациялдар;
Мәселелік бағытталған ҚПЖ – белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы.
Бұларға:
- Жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
- Таңбаларды айыру жүйелері;
- Статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;
- Ғылыми – зерттеу жүйелері;
Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақытта ҚПЖ – ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі.
Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап ұсынады. Мысалы: Microsoft Office
Қорыта айтқанда программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршау болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
- Программалау дегеніміз не?
- Алғашқы программалау тілдерін сипаттаңыз?
- Программа тілдерін қалай топтасытруға болады?
- Программалық жасақтама дегеніміз не?
- ЭЕМ – ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері қалай аталады?
Тәжірибелік тапсырма.
Программаның даму тарихына тұсаукесер жасаңдар.
Үйге тапсырма §4 19 – 27 бет.