Құрақ құрау технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: Оқушылардың құрақ туралы ой ұшқырлығын және
бұрынғы білімдерін жетілдіру, құрақтың тігілу
жолдарын үйрету.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,
тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек
сүйгіштікке баулу.
б)дамытушылық:Оқушылардың териялық білімдерін іс-жүзінде
шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара
іздене білу.
Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Әдебиет, Бейнелеу, Сызу.
Көрнекілігі және керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз,
үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.
ІІ.Ой қозғау.
Жұмбақ шешеді.Жауабына байланысты мақал-мәтел айтады.
Жұмбақтар.
- Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
- Кигізіп ап ұзын жіп көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе. (ине)
Мақал-мәтелдер
- Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық ішуге сән.
- Оқу инемен құдық қазғандай.
ІІІ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.
Аққу Сегізжапырақ
|
Жұлдызша
Тырнақатар
Ши құрақ Оюлы
Құрақ,оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа ,тәрбиелілікке мән беру.
Құрақтың мынадай түрлері бар?
-Аққу, сегізжапырақ, шахмат, гүлқұрақ, тырнақатар, оюлы, ши құрақ т.б
Аққу құрақ Гүл құрақ Тырнақатар Шахмат құрақ Сегізжапырақ
Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
- Майлық. 3. Әмиян. 5. Көрпе. 7. Жастық тыс. 9. Сәндік сөмке.
- Дастарқан. 4. Қолғап. 6. Қазан ұстағыш. 8.Аяққап.
Құрақты қалай,қай жерде қолданыуға болады?.
- Жапырақ,сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады.
- Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады.
- Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.
- Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.
«Құрақ құрау» өнерінің тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш, түн ұйқысы келсе жаурамайтын жамылғысы болған.
Қосымша мағлұматтар беріледі.
Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-ХVІ ғасырда дамыған
Құрақ құрау Еуропада «Пэчворк техникасы» деп те аталады.
-Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Лепочиха».
-Жапон халқында «Сашико» дейді.
Пэчворк-(patchwork» ағылшын тілінен аударғанда, «құрақ құрау, құрастыру»)
қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Шыт отаны Индия елінен табылған.
Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі.
Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында құрақпен жасалынған бұйымдар және бар.
ІV. Сарамандық жұмыс.
«Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!»
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп аламыз.
Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі.
Жұмыстың реті:
- Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы.
- Тігу үшін қажетті заттарды дайындау.
- Нұсқау карта, қиял бойынша үлгілеу, тігу.
- Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
V.Сергіту сәті.
Қ | |||||||||||||
ұ | |||||||||||||
р | |||||||||||||
а | |||||||||||||
қ | |||||||||||||
Қорытынды есебінде барлық құрақ құрау өнері туралы білген білімдерімізді ұштастыру, еске түсіру мақсатында сөзжұмбақ шешейік.
- Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай ?(Аққу)
- Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата ? (Жұлдызша)
- Еуропа халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Пэчворк)
- Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Сашико)
- Гүлдің атына байланысты құрақ атауы ? (Қызғалдақ)
VІ. Сабақты бекіту .
Сұрақтары.
- Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Құрақты апа-әжелеріміз не себепті құраған?
- Құрақтың түрлері қандай?
- Қандай елдерде құрақты пайдалана білген? Қалай аталады?
- Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады?
VІІ.Оқушыларды бағалау. Белсен араласып, сұрақтарға жауап берген,
тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма. Қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарын матаға
түсіріп, көктеу
Сағынғанова Гүлбақыт
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің
технология пәні мұғалімі
Қызылорда облысы
Арал ауданы