Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы
Тақырыбы: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып
жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта,
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
.
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
- Жалпы
- ДК-де жұмысты бастау алдында
- Жұмыс істеу кезінде
- Авариялық жағдайларда
- Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады. - Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
- ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
- Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
- Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек. - Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
- Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық — 50 см. - Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек. - Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
- Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
- Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);
- Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
- Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету; - Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
- Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
- Күйген жеріне май жағу (винилин);
- Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
- Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі токтағанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру; - Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен). - Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздерінді талдырмандар.
- Алысқа қадалын қарандар.
3-жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалын қарандар.
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңцар.
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып караңдар.
7-жаттығу
— Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау