Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі
Тақырыбы: Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі
Сабақтың мақсаты:
Біліми. Оқушылар алгоритмді жазу жолдарымен танысады. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі туралы түсінік алады.
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.
Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
- Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
- Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
- Тапсырмаларды орындау (15-минут)
- Сабақты бекіту (6-минут)
- Оқушыларды бағалау (2-минут)
- Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Т-кестесі:
Проблеманың шешімін табу:
Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
- табиғи тілдегі жазыуы;
- белгілі бір түйінді сөздер — терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те атайды;
- графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;
- программалау тілдеріндегі жазылуы.
Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп аталады.
Алгоритм схемасын оның блок-схемасы деп атайды.
Мектепте оқып үцренуге арналған алгоритмдік тіл деп—орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды
Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын
Үйге тапсырма.
у=(ах3+b)/ (cх3+d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құру керек.