Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезедері
Тақырыбы: Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезедері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерде есеп шығармас бұрын оның мазмұнына қалай талдау жасайтынымызды үйрете білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,жылдамдыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: практикум
Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,интерактивті тақта,оқулық.
Сабақ өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
2.Алгоритмдік тіл деген не?
3.Кодтар тілі дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:
Компьютерде есеп шығару күрделі процесс және ол төмендегі кезеңдерден тұрады:
- Есептің берілуін ауызша сипаттау.
- Есепті математикалық түрде өрнектеу,(есептің берілісін жазу)
- Есеп шығарудың компьютерде ыңғайлы сандық тәсілін анықтау.
- Есеп шығарудың алгоритмін құру.
- Есепті компьютерде шығарудың программасын құру және оның қатесін түзету.
- Есепке керекті мәліметтер дайындау.
- Компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.
Берілген есепті матиматикалық түрде өрнектеу дегеніміз-есептің берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу және керекті математикалық формулаларды,өрнектерді анықтау болып саналады.
Күрделі формулаларды,теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есеп шығарудың сандық тәсілін табу не анықтау болып табылады.Қазіргі кезде есеп шығарудың көптеген сандық тәсілі белгілі. Соның ішінен өзімізге тиімдісін таңдап алуымыз керек. Осы мақсатта есеп шығарудың дәлдігін ,нәтижені жылдам табу мүмкіндігін,мәлімет дайындау мен есеп шығару құнын салыстыра отырып қарастыру қажет.
Есептің алгоритмін құрғанда ,оның шығару жолы тізбектелген іс-әрекеттердің схемасы түрінде кескінделеді.
Сонымен есеп шығаруда жоғарыда айтылған әрекеттер тізбегін орныдау ұсынылады.
Есепті мәселе ретінде қойғаннан кейін ,оны ықшамдап,шығару алгоритмін құру керек.Ықшамдау кезінде белгілеу таңбалары енгізіледі де,яғни айнымалылар ,тұрақтылар белгіленіп,есептеу формулалары,теңдіктері айқындалады.
Сабақты бекіту:
- 1. Алгоритмдердің қасиеттерін ата.
- 2. Алгоритмнің жазу жолдарын ата.
- 3. Алгоритмнің график түрінде кескінделуін ата.
- Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
- 5. Программалау тілінің жалпы ережесі.
ЕСЕП: Центрі координаталар басында жататын шебер радиусы берілген. Координаттары (бүтін) белгілі А(х,у) нүктесінің шеңберге тиістілігін анықтайтын алгоритм жазыңыз. Нүкте шеңбер сызығының бойында жатса тиісті болады.
алг шеңбер мен нүкте;
арг бүт А, Х, У: бүт R: нақ S;
нәт лит Z;
басы
;
eгер R<=S
oнда Z:= «нүкте шеңберге тиісті»
әйтпесе Z:= «нүкте шеңберге тиісті емес»
бітті;
соңы.
ЕСЕП: Барлық екі таңбалы сандардың қосындысын табатын алгоритм жазыңыз.
Алғашқы екі таңбалы сан 10 соңғысы 99.
алг екі таңбалы сан;
арг бүт max: бүт i:
нәт нақ S;
басы
i:=10; S:=0;
әзір i<=99
цб
S;=S+i;
цс;
соңы.
Үйге тапсырма беру: 1.10 тақырыптарын оқу, 32 беттегі тапсырманы орындау.