Ыстық сусындар, шай демдеу әдісі.
28.10.2013 жыл
5 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар, шай демдеу әдісі.
Сабақтың мақсаты: шай түрлерінен мәлімет беріп, шай демдеудің
әдістерін түсіндіріп, оқушыларды шай дайындауға
деген қызығушылығын ояту.
Білімділік: шайды дайындап, демдеу тәсілдерін көрсетіп, үйрету.
Дамытушылық: шай дайындау тәсілдерін жетілдіріп, танымдық іс-
әрекеттерін арттырып қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: сақтыққа, ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тәжірибелік.
Керекті жабдықтар: шайнек, шай, ыстық су, кесе, сүт, қант, шай қасық.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, салауаттану, математика.
Күтілетін нәтиже: шай демдеу тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Журнал бойынша түгелдеу, формасын қарау.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Сабаққа назарын аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты еске түсіру.
- Ас бөлмеде қандай тазалықты сақтау қажет ?
- Бутерброд жасаған кезде қандай техника қауіпсіздікті сақтау қажет ?
- Бутерброд дайындау үшін қандай құрал – жабдықтар қажет.
- Бутерброд дайындау үшін қандай тағам түрлері қажет ?
- Бутербродтың дәмін кіргізу үшін және сәнін келтіру үшін қандай көкөністі пайдаланамыз ?
- Бутербродты қай мезгілде пайдаланамыз ?
- Бутербродтың қандай түрлерің білесіңдер ?
- Бутербродтың сыртын неден жасаймыз ?
- Нан туралы кім тақпақ біледі ?
- Нан туралы кім мақал – мәтел біледі ?
- Үйде бутербродты қалай дайындадыңдар ?
III . Жаңа тақырып түсіндірмесі.
Сөзжұмбақты шешу.
ө | ш | е | р | |||||||||||||
н | а | н | ||||||||||||||
т | і | л | е | н | б | е | й | |||||||||
б | і | т | е | д | і | |||||||||||
| е | ң | б | е | к | |||||||||||
м | и | я | т | |||||||||||||
с | ү | й | к | і | м | д | і | |||||||||
к | ү | л | м | е | ||||||||||||
қ | а | у | ы | н | ||||||||||||
1.Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген ….
- Ас атасы …
- Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарың ……..
- Қына тасқа бітеді,
Білім басқа ……
5.Адамды адам еткен …..
- Өтірік сөз – ұят,
Шын сөз — ….
- Өнерлі бала ……..
- Жығылып жатып,
Сүрінгенге …..
- Көк лағым көгенде жатып семіреді. …..
Шай әлем халықтарының сүйіп ішетін сусыны. Шайдың отаны – Қытай мен Үндістан, сондай – ақ Жапония мен Цейлонда өседі. Біздің елімізге Ресей арқылы келген.
1638 жылы Михаил Романов патша маңғол ханы Кучинге сыйлық жолдайды. Патшадан келген бағалы сыйлыққа тарту ретінде маңғол ханы 200 қорап шай жібереді. Шайдың көріп, патша мен оның боярлары таң қалысады, қалай пайдалануды білмейді, әуелгі кезде оны дәрі орнына қолданады. Тек бертін келе шайды сусын ретінде ішуді үйренеді. Сөйтіп 1696 жылы Ресей патшасы шай алып келу үшін орыс көпестерін арнайы Шығыс елдеріне жібере бастайды.
С, Р, В тобындағы дәрумендерге бай. Шайдың құнарлығы қант, кілегей, сүт қосқанда едәуір артады.
Шайдың құнарлығы қант, кілегей, сүт қосқанда едәуір артады.
Шай ылғал мен бөтен иісті жеңіл қабылдайды, сондықтан оны құрғақ жерде, өткір иісті заттардан аулақ сақтау керек.
Шайды қыздар мен келіңдер құйады. Қонақтың кеселерін шатастырмай, кесеге шайды толтырмай құю қажет. Ыстық шай шөл қандырып, жанынды жадыратады, суықта ішсең ішсең, жылытады, бойынды сергітеді. Шай туралы қазақ мақалы былай дейді:
«Шайды бір жұтқанда, ернің суланады,
Екінші жұтқанда жалғыздықты ұмыттырады,
Үшінші жұтқанда ішкі сарайыңды аралап, зерттейді,
Төртінші жұтқанда қайғы ұмытылады,
Бесінші жұтқанда батырмен айқасуға болады» .
Түннен қалған шайды жылтып ішуге болмайды.
(Шығыс мақал – мәтелі) барғой.
«Жаңа қайнатылған шай – дәру,
Түннен қлған шай – ауру» .
- Дәптермен жұмыс.
Шай демдеу әдісі
Шай демдеу үшін қажетті заттар: ыстық су, шай, шайнек, кесе. Қосымша – сүт, қант, шай қасық.
- Шайнекті ыстық сумен бір рет шайып, жылытамыз.
- Үйдегі адам санына қарай қасықпен шайды саламыз.
- Үстіне қайнаған су құйып, шыққан шайды кесеге құйып, қайтарамыз.
- Әбден бапталып, дайын болған шайды сүт құйылған кеселерге құйамыз.
- Тәжірибелік жұмыс. Шай демдеу әдісі.
Мақсаты: шай демдеуді үйрену.
Керекті құралдар: қайнаған ыстық су, шайнек, шай, кесе, сүт, құмшекер, шай қасық.
Ағымдағы жұмыс: техника қауіпсіздік ережені сақтау.
Орындалуы:
— қайнаған су дайындау.
— құрғақ шай түрін таңдау.
— шайнектің ішін шаю.
— шайнекке құрғақ шай салу.
— құрғақ шай салынған шайнекке, ыстық су құю.
— дайын болған шайды кесеге ұсынып құю.
Қорытынды. Олардың шай құйған суын талдау, жақсы құйылған шайды анықтау.
- Жаңа сабақты бекіту.
Шайнек ойыны арқылы.
- Шайдың отаны .
- Шай қайда өседі?
- Шай демдеу әдісі.
- Шай демдеу үшін бізге не қажет ?
- Шай демдегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау қажет ?
- Шай қандай дәрумендерге бай ?
VII. Қорытынды. Оқушылардың жұмыстары мен жауаптарына салыстыра
отырып бағалау, жариялау, журналға, күнделікке қою.
VIII. Үйге тапсырма . Тақырыпты оқып келу.
Үйде шай демдеп үйрену.