Жапырақ
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.
Міндеті: Өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу. Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу
Не арқылы: Тірек суреттер символдары, кубизм,бес жолды тұжырым
Түрі: Түрлендірілген
Әдісі: анықтау, зерттеу, салыстыру, суреттеу, жинақтау
Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер
Барысы
Үй тапсырмасы (Екі жақты күнделік)
Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде – анықтама.
- Тамыр — өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі
- Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік
- Бүршік – бастапқы өркен
- Сабақ — өсімдіктің жалғастырушы мүшесі
- Өркен – жапырағы мен сабағы бар жас сабақ
- Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек
І. Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер символдары)
Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.
Сөздер: жер үсті, жер асты, жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл
Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу
ІІ. Мағынаны тану (Кубизм)
- Жапырақтың құрылысы, қызметі (анықтау)
- Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (зерттеу)
- Жапырақтың жүйкеленуі (талдау)
- Жапырақтың сабаққа орналасуы (дәлелдеу)
- Жай және күрделі жапырақтар
- Сабақ пен жапырақтың ұқсастық және айырмашылық белгілері (салыстыру)
Әрбір жұп өздерінің жұмыстарын қорғайды
ІІІ. Толғаныс (Бес жолды тұжырым)
Жапырақ
Мысал
- жапырақ
- жай, күрделі
- ауа тазартады, жүйкеленеді, көбеюге қатысады
- Жапырақ – жер үсті мүше
- Вегетативті мүше
Үй тапсырмасы: Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығын салыстыру. Жапырақ құрылысын, жай және күрделі жапырақтар, жапырақтың орналасуының суреттерін салу.