Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR
Сабақтың мақсаты:
Біліми. Оқушылар алгебра, информатика пәндерінің арасындағы байланысты көрсете отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді, есеп шешуде бірнеше варианттарды қарастырады, есеп шешу арқылы проблема шешуге дағдыланады.
Тәрбиелік. Оқушылар шағын топтар құрамында бірлесе еңбектенеді, шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Пәнаралық байланыс: алгебра
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
- Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
- Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
- Тапсырмаларды орындау (15-минут)
- Сабақты бекіту (6-минут)
- Оқушыларды бағалау (2-минут)
- Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Т-кестесі:
Проблеманың шешімін табу:
Циклдік алгоритмдер
Циклдік алгоритмдер бірнеше қайталанатын бөліктерден тұрады. Циклдік алгоритмдерді құру үшін мынандай операторлар қолданылады. FOR, REPEAT, WHILE.
Параметрлі FOR операторы
FOR операторы цикл параметрі өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.
Бұл оператордың екі жалпы түрі бар:
- for i:= n1 to n2 do <оператор>
- for i:= n2 downto n1 do <оператор>
мұндағы, for- оператордың аты, «үшін» болып аударылады; to- түйінді сөз (дейін); do- түйінді сөз (орындау); i- цикл параметрі санауға, реттеуге болатын типтегі айнымалы; n1, n2- цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндері; <оператор>- бірнеше рет қайталанатын оператор.
Pascal программалау тіліндегі бүтін сандардың типтері дегеніміз- әртүрлі диапазондардағы бүтін сандар жиынын белгілеуге арналған типтер.
Бүтін тип | Мәндер диапазоны | Жадының көлемі |
Integer | -32 768..+32 767 | 2 байт |
Longint | -2 147 483 648..+2 147 483 647 | 4 байт |
Byte | 0..255 | 1 байт |
Мысал:
- ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табу керек, яғни мынадай қосындыны анықтау қажет:
Program Қосынды;
Var i, s: integer;
Begin s:=0;
For i:=1 to 100 do {цикл басы}
s:=s+i; {қайталану операторы}
Writeln (‘қосынды=’,s); {қосындыны жауапқа шығару}
End.
- есеп. N! (факториалды) есептеу алгоритмін және программасын құру керек. (1*2*3*.. N көбейтіндісі N факториал деп аталады. Факториал ! арқылы белгіленеді.)
Шешуі.
Алг факториал (арг бүт N, program_17; {Факториал}
нәт бүт F)
var і; n: integer;
басы бүт І f: longint;
енгізу N begin
write (бүтін сан енгізу n=’);
F:=1 readln (n);
үшін І бастап 1 дейін N f:=1;
цб for i:=1 to n do
F:=F*I
цс f:= f*i;
шығару F writeln (‘n!=’,f);
соңы end.
3 .
Program esep_1;
var x,S,AK:real; n:integer;
begin
writeln(‘x pen n engiz’);
read(x,n);
S:=0; n:=1;
repeat
AK:=x+cos(n*x)/exp(n*ln(2));
S:=S+AK;
n:=n+1;
Until abs(AK)<n;
Writeln(‘S=’, S:7:3, ‘AK=’, AK:6:3);
end.
X1=7 n1=5 S1=42.248 AK1=6.994.
X2=12 n2=54 S2=144.423 AK2=12.000.
X3=4 n3=10 S3=15.682 AK3=3.940.
Проблеманың шешімін қолдану
Программаны орындау нәтижесін анықтаңдар (компьютерсіз):
А) begin Ә) begin
s:=0; for x:=1 to 15 do
for i:= -4 to 1 do begin
s:=s+i; y:= sqr(x);
writeln (s); writeln (x, y);
end. end;
end.
Сабақты қорытындылау.
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
|
Бағалау
Үйге тапсырма:
Циклдік алгоритмдер.
n-ші мүшесінің формуласымен берілген Хn=n2+5 тізбегінің алғашқы он мүшесін есептеу программасын құрыңдар.