«Шебер қолдар» сайысы
[Введите название документа] |
КӨМЕШБҰЛАҚ 2014 |
№29 К.Тленшинатындағыжалпы орта мектеп
Пән мұғалімі:Бейсеев Е.
|
«Шебер қолдар» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Технология пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу,
Құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы, тарақ, айна, желім, түрлі түсті қағаз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар технология пәні бойынша өткізгелі отырған «ШЕБЕР ҚОЛДАР» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жарасама?
Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме,
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Алдарыңызда
Жұлдыз тобы,Дарын тобыжәне Шұғыла тобы
Жүргізуші:
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
«СӘЛЕМДЕСУ, ӨЗ ТОПТАРЫН ТАНЫСТЫРУ». Ортаға Дарын тобын шақырамыз, келесі Жұлдыз тобы және Шұғыла тобы.
Әділ қазылардың бағалары.
Келесі сайысымыз «ҚОЛ ӨНЕРІ», бұл жарыстатоп мүшелері 5 минут аралығында бар дайындамалардан зат шығару қажет.Қыздар жапсырма жұмыс.Ұлдар құтыдан бұйым жасау. Әр бір затқа 5ұпайдан беріледі. Іске сәт. Әділ қазылардың бағалары.
Жүргізуші:
Ал енді «ЖОРҒА» сайысын бастайық. Бұл сайыс ең білімділер мен зеректілер додасы болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға жарысының шарты; бір минут аралығында 15 сұрақ оқуға тырысамын, дұрыс жауабын білмесеңіз келесі деп жалғастырасыз. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.
Бірінші болып «Жорға»сайысын Дарын тобы бастайды .
- Иық бұйымдарына не жатады? ( Көйлек, халат, шапан, тон, жейде, камзол.)
- Ботқаны неден жасайды? (Жармадан)
- Дене өлшемін өлшеу үшін не қажет? (өлшеуіш таспасы)
- Туымыздың авторы кім?(Ш.Ниязбеков)
- Тігін машинасының астыңғы бөлшегі? (Шөлмек)
- Жібек мата неден алынады? (Тұт құртынан)
- Ең көп пайдаланатын асханалық құрал? (Пышақ)
- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?(1986)
- Қалталы аң? (Кенгуру)
- Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)
- Тойымды мамандық? (Аспазшы )
- Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орын алады?(9)
- Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа)
- Ыстап кептірілген ет? (Сүр ет)
- Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді. (Қасық)
Ортаға «Жұлдыз» тобын шақырамыз.
- Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс? (Қызылша)
- Қойдың етін неше мүшеге бөледі? (12 мүшеге)
- Тігін машинасының неше түрі бар? (Ұш, қол, аяқ, тоқ машинасы)
- Қазақстан қанша мемлекетпен шектеледі?(5)
- Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам? (Құрт)
- Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты? (Ұн)
- Сүт тағамдарына не жатады? (Сүт, айран, қатық, кілегей, шұбат,
қымыз, ірімшік, құрт, шалап.)
- Шулық пен қолғаптың резинкасын қандай шалулармен тоқиды? (Оң,теріс).
- Елтаңбаның авторлары кім?(Ш.Уалиханов,Ж.Мәлібеков)
- Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? (Леонардо даВинчи)
- Инені қатты матаға кіргізү үшін не қажет? (Оймақ)
- Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді? (Тұрмыстық,күнделікті, салтанатты)
- Көкөністерден жасалған тағам? (Салаттар)
- Қазақстанның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?(1995ж.30 тымыз)
- Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (Етік, мәсі, саптама)
Шұғыла тобына да кезек келіп жетті.
- Қолдан тоқылған кілемше-сурет?(Гобелен)
- Түксіз кілем?(Палас,алаша)
- Тұт көбелегін не үшін өсіреді?(Жібек )
- Қазақстанның жер көлемі?(2724)
- Ұршықтың қаңғалағы неден жасалады?(Қорғасыннан,тастан,сүйектен)
- Саусақтың басына киетін темір қалпақ?(Оймақ)
- Шыт матасы неден жасалынады? (Мақтадан)
- Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?(1991 ж)
- Егде жастағы әйелдің бас киімі? (Кимешек)
- Биенің сүтінен дайындалатын сусын? (Қымыз)
- Қазіргі замандағы машинаның негізін салған американдық инженер? (Исаак Зингер)
- Әнұранның авторлары кім?(Сөзі Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев әні Ш.Қалдаяқов)
- Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі? (Тон)
- Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа )
- Ұлттық валюта теңге қай жылы айналымға енгізілді?(1993ж)
Жүргізуші:Осымен жорға жарысы да бітті, сайыскерлеріміздің жалпы жинаған ұпай санын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.
Жүргізуші: Шебердің саусағы алтын.
Өнерлінің қолы алтын.
Үй тапсырмасы.Келесі бөлімнің шарты; Күз мезгіліне байланысты жасалып әкелінген затқа жарнама жасау қажет. «Алтын күз»табиғи материалдардан панно жасау.Жақсы жарнамаға 5 ұпай беріледі. Сонымен «ЖАРНАМА» бөлімін бастайық.
Жүргізуші : Жарнамаланған қол өнердің әділ бағаларымен танысайық.
«ДӘМДІ ЖӘНЕ ТЕЗ»сайысы кезек берелік.Әр топтан екі қыздан ортаға шығып,көкөніс,жеміс жидектерден салат әзірлеу.(5 ұпай) Үй тапсырмасы.Үйде пісіріп әкелуге тапсырылған тәті нан немесе бәліштін жасалу технологиясымен таныстыру.(5 ұпай)
Аспаздық өнерімізді бағалап өтсек.
Жүргізуші : Сайысымыздың келесі бөлімі «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ» ортаға әр топтан шашы ұзын бір қыз және бір ұл бала шақырылады. Шарты шашты әдемілеп өріп, сәндеу қажет.3 минут.
Келесі сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылардан «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ» жарысының бағасын беруді сұраймыз.
Жүргізуші:Келесі сайысымыз «ШЕГЕ ҚАҒУ» осы сайысымызға әр топтан бір қыз баланы шақырамыз, берілген уақыт ішінде шегені қағып көрсетесіздер, дұрыс қағылған шегеге 5 ұпай беріледі. 3 минут.Ал қыздар іске сәт.
Жүргізуші: келесі сайысымыз «ҚАМЫР ИЛЕУ» енді кезекті ұлдарға берейік, берілген уақыт ішінде қамырды дұрыс тәсілмен илеу керек, дұрыс иленген қамыр үшін 5 ұпай беріледі. (3 минут)
Әділ қазыларға сөз берейік.
Жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Экологиялық жоба» бұл сайыста әр топ тұрмыстық қалдықтардан дайындаған зат үлгілерін, қол өнерін немесе тұрмыста қайта қалай қолдануға болатынын көрсетеді.Ал енді соңғы жарысымызды тамашалайық. (5 ұпай)
Жүргізуші: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
Құрметті көрермендер, қатысушылар енді сайыс сабағымыздың қорытындысы ретінде үш сыныптың қатысуымен тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына арналған концертімізді ұсынамыз.
Жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңгенжеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.
Әділ қазылардың ұпай санау парағы
№ | Реттілігі | 8 а Дарын | 8 б Жұлдыз | 8 в Шұғыла |
1 | Сәлемдесу, өзін — өзі таныстыру | |||
2 | Қол өнері(ұлдар) | |||
Қол өнері(қыздар) | ||||
Жалпы ұпай | ||||
3 | Жорға(сұрақтар) | |||
Жалпы ұпай | ||||
4 | Жарнама(үй тапсырмасы) | |||
Жалпы ұпай | ||||
5 | Дәмді және тез | |||
Дәмді және тез(үй тапсырмасы) | ||||
Жалпы ұпай | ||||
6 | Шаштараз өнері | |||
7 | Шеге қағу | |||
8 | Түйме қадау | |||
Жалпы ұпай | ||||
9 | Экологиялық жоба | |||
Жалпы ұпай саны |
- Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс? (Қызылша)
- Қойдың етін неше мүшеге бөледі? (12 мүшеге)
- Тігін машинасының неше түрі бар? (Ұш, қол, аяқ, тоқ машинасы)
- Қазақстан қанша мемлекетпен шектеледі?
- Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам?
- Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты?
- Сүт тағамдарына не жатады?
- Иық бұйымдарына не жатады?
- Ботқаны неден жасайды?
- Дене өлшемін өлшеу үшін не қажет?
- Туымыздың авторы кім?
- Тігін машинасының астыңғы бөлшегі?
- Жібек мата неден алынады?
- Ең көп пайдаланатын асханалық құрал?
- Қолдан тоқылған кілемше-сурет?
- Түксіз кілем?
- Қазақстанның жер көлемі?
- Ұршықтың қаңғалағы неден жасалады?
- Саусақтың басына киетін темір қалпақ?
- Шыт матасы неден жасалынады?
- Шулық пен қолғаптың резинкасын қандай шалулармен тоқиды?
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?
- Инені қатты матаға кіргізү үшін не қажет?
- Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді?
- Көкөністерден жасалған тағам?
- Тұт көбелегін не үшін өсіреді?
- Қазақстанның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?
- Ер адамның ұлттық аяқ киімі?
- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
- Қалталы аң?
- Қалыңдықтың бас киімі?
- Тойымды мамандық?
- Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орын алады?
- Жармалардан жасалған тағам?
- Ыстап кептірілген ет?
- Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді.
- Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
- Егде жастағы әйелдің бас киімі?
- Биенің сүтінен дайындалатын сусын?
- Қазіргі замандағы машинаның негізін салған американдық инженер?
- Әнұранның авторлары кім?
- Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі?
- Жармалардан жасалған тағам?
- Ұлттық валюта теңге қай жылы айналымға енгізілді?