Электротехникалық жұмыстар
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылы
«Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 5 – сынып.
Технология пәнінің мұғалімі Зікірияев Бақберген Жәнәділұлы
Сабақтың тақырыбы Электротехникалық жұмыстар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға электр энергиясын өндіру және оның тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру.
2.Дамытушылық:Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру,теориялдық білімін іс жүзінде қолдана білуге,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке,ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Жана білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап,сарамандық жұмыс.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Шартты белгілер,электр тізбегінің сызбасы, аккумлятор, гальваникалық элемент, электр шамы,электр тізбегі(планшеттер) элекр сымдары.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу ә) Оқушы және бөлменің сабаққа даярлығын тексеру.
б) Оқушыларды түгендеу
- Өткен сабақты еске түсіру
а) Металдардың негізгі топтарын ата?
ә) Республикамыздың қай өңірлерінде темір рудалары өндіріледі?
б) Металдардың қандай қасиеттерін білесіңдер?
III .Жаңа сабақ 1.Теория
Адамның өмірінде қолданылып жүрген энергияның ең ыңғайлысы және арзаны электр энергиясы болып табылады.Өндіріске қолданылатын көптеген машиналар, аппаратар, қондырғылар, механизмдер электр энергиясының күшімен жұмыс істейді.Оны алу үшін электр энергиясының көзі(ток көзі) болу керек. Ток көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланылады.
Электор энергиясын арнайы қабылдағыштар қабылдайды.Мысалы, станокта энергияның қозғалтқыш қабылдап алады, ал тұрмысқа қажет энергияны элетр шамы, элект үтік т.б. қондырғылар қабылдап алады.Мұның бәрін элекр тұтынушылар деп атайды.Ал элекр тұтынушы құралдар элекр энергиясысы жылуға,дыбысқа, жарыққа немесе механикалық қозғалысқа айналдырады.
Элекр энергиясын ток көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы өткізгіш қажет.Жақсы өткізгіштер тобына металдар жатады. Табиғатта ток көзін өткізбейтін материалдарда да көп кездеседі.Ондай материалдар оқшаулағыш деп аталады.Мысaлы, пластмасса, әйнек, резеңке, құрғақ ағаш, фарфор материалдары оқшаулағыш ретінде өндірісте көп қолданылады.
Ток көзі элекр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде онымен ток жүреді, ал егер оны кез келген жерден үзіп тастаса, ток тізбек арқылы жүрмейді. Демек токты жүргізу үшін тізбекті қосу керек, ал оны тоқтату үшін тізбекті үзу керек. Тізбекті қосып, үзу үшін арнайы элекр ажыратқыш қолданылады. Ең қарапайым элекр тізбегі 4 элементтен тұрады: ток козі, ажыратқыш, электр өткізгіш және қабылдағыш.
Электр тізбегіндегі элементтерді шартты белгілермен белгілейді.
Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр схемасы деп атайды.
Ғасыр құрлысы атанған «Мойнақ СЭС» жайлы мағлұмат беру.
а)Гальваникалық элемент немесе аккумулятор
ә)Электрсұқпа шанышқы
б)Ажыратқыш
г)Электр шамы
д)Сымдардың қилысуы
1-сурет
Электротехникалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
- Сарамандық жұмыс.
— Оқушылар үш топқа бөлінеді
-Әр топқа электр тізбегінің дайын планшеттері таратылады,жұмыс істеу тәртібі түсіндірледі.
— 2-суреттегі а, ә, б сызбалары бойынша әр топ кезектесе отырып теориалық білімдерін іс жүзінде атқарады.
А) Ә) Б)
2- сурет
IV.Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.
а) 2-суреттегі ә және б сызбасы бойынша электр тізбектерін салыстыр және ерекшеліктерін айтып бер.
б) 2-суреттегі ә және б электр тізбегінен бір шамды бұрап алып тастаса, екінші шам жана ма,сөне ме? Тексеріп көр, себебін түсіндір.
V.Қортындылау
Сабақты қортындылай келе кеткен кемшіліктердің орнын толтыру.
Топ жетекшілерінің пікірін тыңдау.
VI.Оқушы білімін бағалау(Күнделікке баға қою)
VII.Үйге тапсырма беру.