Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы — Repeat
Тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы — Repeat
Мақсаты: 1. Дейін-қайталау командаларын Паскаль операторында программалауды үйренеді, пысықтайды. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын-ала танысады.
- Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастырады. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдетеді.
- Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескертеді.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе.
- Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
- Журнал толтыру;
- Оқушылардың назарын сабаққа бұру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)
- Қайталау операторы не үшін қолданылады?
- Әзір қайталау операторы қалай орындалады
- Қайталау параметрі деген не?
- Шарт деген не? Серия деген не?
- ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?
- Шартты тексермей тұрып серияны орындауға болама? Неге?
Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.
ІІІ. Проблеманы шешу:
I | 1. Бүгінгі сабақта қайталау операторының денесін (тұлғасын/сериясын) шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдың жаңа операторы мен танысамыз. Жазылу түрі: repeat <серия >; UNTIL <шарт>; repeat–until операторының While – do-ға қарағанда үш айырмашылығы бар. 1. шарт циклдан бұрын тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады. 2. Repeat операторында шарт ақиқат (иә) болғанда қайталау (цикл) аяқталады. 3. Repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады. |
ЕСЕП: Берілген сөйлемде орысша «а» әрібі қанша рет кездесетінін табатын программа жазайық.
Бұл мақсатқа жету үшін сөзде қанша әріп бар, «а» әрбін қалай белгілейміз, соны анықтап алайық. Алдымен есепте кездестін шамаларды айқындайық. Есепті шешу үшін не белгілі деп ойлайсыңдар? «а» әрібі, сөйлем, сөйлемнің ұзындығы. Паскалда тамаша мүмкіндіктер бар. Әріпті жеке таңба деп қарасақ оның типін CHAR қызметші сөзімен көрсетуге болады. Мысалы: аа:char; Сөйлемнің өзін де типі STRING болатын айнымалымен белгілейміз. String –типімен көрсетілген сөйлемде (жолда) 1-ден 256-ға дейін таңба бола алады. Сөйлемдегі таңбалар солдан оңға қарай 0-ден 255-ке дейін нөмірленеді. Әр таңбаға бір нөмір сәйкес келеді. Мысалы: аа:=’Информатика’; ,болса, aa[3]=ф, aa[7]=а, aa[11]=а болады. Енді сөздің ұзындығын ше? Яғни, тағы бір қызметші сөз қажеттігі көрініп тұр. Сөйлемде, кез-келген таңбалар тізбегінде қанша таңба бар екенін LENGTH(zz) қызметші сөзі көмегімен анықтауға болады. Мұндағы zz – таңбалар тізбегі немесе сөйлем. Сонымен мысалда келтірілген есепті шешу үшін қажет нәрсенің бәрі бізде бар.
Есептің математикалық моделіндегі бірінші сұраққа жауап беріп қойдық.
- Не белгілі «а» әрібі, сөйлем zz-жолдық, сөйлемнің ұзындығы n – бүтін сан
- Не табу керек? «а» әріптерінің саны s– бүтін сан.
- Қалай есептейміз;
Сөйлемді енгіземіз zz;
–мәнін енгіземіз, қайталау параметрі i:=1; а-лар саны s:=0;
n:=сөйлем ұзындығы;
қайталау
егер zz[i]=’a’ онда s:=s+1;
i:=i+1;
жоқ і > n иә
Программа мәтіні:
program sanau_repeat;
var s, i, n:integer;
zz:string;
begin
s:=0; i:=2;
write(‘Сөйлем енгіз ‘);
read(zz); n:=length(zz);
s:=0; i:=1;
repeat
if zz[i]=’а’ then s:=s+1; write(‘ ‘,zz[i]);
i:=i+1;
until i>n;
writeln(‘а саны =’,s);
end.
ІV. Проблеманың шешімін қолдану.
А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5 ұп) В. Осы прогмамманы сөйлемдегі «б» (с, е…, әркімге әртүрлі) әрібін санайтындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп) С. REPEAT-UNTIL көмегімен оқулықтан №11 есептің (103) программасын жазыңдар. Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындаңыз. (15 ұп) Нұсқау: Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар. |
Қосымша ұпайлар: белсенділік – 2 ұп, оқу-құралдары (кітап, дәптер, қалам) толық – 1 ұп, тәртібі – 2 ұп 1 дұрыс жауап 1 ұп. Барлығы – 10 ұп. 40-50 үп — «5» 20-39 ұп — «4» 3 – 19 ұп – «3» … – 0-2 – «2» |
- Үйге: Өз бетінше мәлімет іздену,тақырыпты мазмұндау.