Сабақтың тақырыбы: Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінде массивтердің қалай сипатталуын жеткізе білу. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,жылдамдыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: практикум Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,интерактивті тақта,оқулық. Сабақ өту барысы: 1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут) 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут) 3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(15-минут) 4. Тапсырмаларды орындау (10-минут) 5. Сабақты бекіту (6-минут) 6. Оқушыларды бағалау (2-минут) 7. Үйге тапсырма беру (1-минут) ІІ Үй тапсырмасын сұрау. 1.Тіркестік өрнек дегеніміз не? 2.Жолдық тұрақты деп нені айтамыз? 3.Тіркестік өрнектерде қандай амалдар қолданылады? ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі: Паскаль тілінде мәліметтер қарапайым және күрделі типтерге жіктеледі. Қарапайым типтерге – стандартты деп саналатын және шектеулі типтегі мәліметтер,ал күрделі типтерге жиымдар (массивтер),жиындар(множества),жазбалар(записи), және файлдар жатады.Күрделі типтің ішкі элементтерінің өзі қарапайым немесе құрамды тип те болуы мүмкін. Жиым- бұл бір атаумен (жиым идентификаторымен) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны.Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады. Жиымның жазылу түрі әр тілде әрқалай бола береді.Мысалы,бір сыныптағы N оқушының бойларын анықтайтын жиым алгоритмдік тілде бірөлшемді жиыммен былай беріледі: нат R[1:N],N-жиым элементтерінің ең үлкен максималды нөмірі.Бұл жиым Паскаль тілінде былай жазылады: R[n]. Тұрмыста тізбектелген сандарды,кестелердің реттелген жолдарын,фамилия тізімін көп пайдаланамыз,олар бірөлшемді (вектор) немесе екіөлшемді (матрица) жиым элементтері болуы мүмкін. Паскаль тілінде қарапайым айнымалылармен қатар жиым түрінде біріктірілген айнымалылар да жиі кездеседі. Мысалы,нақты сандардан құрылған төмендегі тізбекті 1,6, 14,9, -5,0, 8,5, 0,46, 2,25, -9,85, 6,27, 5,7, -3,2 Бірөлшемді жиым деп,оған А деп атау беруге болады.Жиымның әр элементі жиымның атымен белгіленеді де,тік жақша ішіне оның индексі қойылады,яғни жиым элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады. Оның жазылу пішімі: Type <тип аты>= array[<индекс типі>] of <элемент типі>; Var <идентификатор, …> : <тип аты>; Мұндағы array(жиым), of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер; [индекс типі]-real,integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип,яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын,логикалық және литерлік типтер пайдаланылады; <элемент типі>-құраушылар типі,яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі. Индекс өрнек,айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін. Сондықтан да көбінесе жиымдарды индексті айнымалылар деп те атайды.Ал индекссіз айнымалыларды жиымдардан ажырату үшін қарапайым айнымалылар деп атайды. Сабақты бекіту: 1.Жиым деп нені айтады? 2. Паскаль тілінде жиымдар қалай сипатталады? 3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады? Білемін | Білдім | Білгім келеді | | | |
Үйге тапсырма беру: 5,3. Жиымдар (массивтер), 125бет. |