Су моншақпен бұйым жасау технологиясы
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп- коммуналдық мемлекеттік мекеме
Су моншақпен бұйым
жасау технологиясы
4 – сыныпқа арналған
Технология пәні мұғалімі: Солтанова Равия Икрамқызы.
Төртүй ауылы.
2014 ж.
Құрастырған: Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Солтанова Равия Икрамқызы
Пікір жазған ББж ТДИО-ның «Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте білім беру» кабинетінің меңгерушісі Б.С. Барамбаева
Бағдарламаның маңызы атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнері түрлерінің қадірін біліп бағалауға, ол өнерді уақыт талабына сай етіп жаңартып, одан әрі дамыта түсу.
4-сынып мұғаліміне бейнелеу пәніне қосымша құрал ретінде ұсынылып отыр.
Аннотация
Бағдарламаның өзектілігі
Су моншақпен кестелеудің оңай тәсілін таба білу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш сатыдағы оқу – тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту мақсатында 4 сыныпқа арналған «Су моншақпен бұйым жасау технологиясы» атты арнайы бағдарлама құрастырылды
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі-түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету.
Міндеттері :
- Эскиз салу
- Түстердің сәйкестігін айқындау;
- Тиімді кестелеу әдісін үй»рену;
- Композиция құрылымын анықтау
- Шеберлікті арттыру
- Әсемдік пен сұлулықты айқындау
Бағдарламаның нәтижесі мен қорытындысы:
- Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден жемісі үзілмей келе жетқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық, сәндік қолтаңбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып талғам деңгейін, сұлулық іздеуге құштарлығын танытады.
2.Су моншақ өнерін көркем, эстетикалық талғаммен әсемдік пен сұлуңлықты бағалап, өрнектеп, әшекейлейді.
Түсінік хат
Бүгінгі ұрпақ өзінің қолданбалы өнерін жалғастыруы тиіс. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған 4-сыныпқа арналған «Су моншақпен бұйым жасау технологиясы» оқушыларды қолөнерге баулу, ынта — ықыласын дамытуға, болашақ маман ретіунде өзін — өзі тануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның апталық жүктемесі 1 сағатқа арналып құрастырылған. Оқушылардың қабілетін ашып, шығармашылығын дамытып, ізденуге, іс-әрекетін, жобалаушылығын дамытуға жағдай жасап, ынта жігерін арттыра түседі.
Қазіргі уақыт талабына орай моншақ, су моншақтармен жаңа технологиялық кестелеу өнері арқылы панно, картиналар, зергерлік бұйымдар, тұрмысқа керекті заттар жасау жолдары ұсынылады.
Мақсаты:
— Сиқырлы су моншақтар тарихы оқушыларды бірден өзіне баурап алып,олардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға, түрлі ұлттардың қолөнерін бағалай білуге және өз үлесін қосуға тәрбиелейді.
— Халық өнерін игеру арқылы оқушыны еңбек сүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.
— Оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың ой-қиялдарын дамытып, табиғи қабілеттеріне сай мүмкіншілік жасау.
Міндеттері:
- Қолөнер, өнер туралы білімдерін тереңдету;
- өзіндік жұмыс жасай білуі;
- Оқушылардың бойына ізгілік, адамгершілік, еңбекқорлық пен төзімділік, тапқырлық қасиеттерді қалыптастыру;
- Эскизін салу;
- Шеберлікті арттыру;
Күтілетін нәтиже:
-Шығармашылық жұмыстарды жинау;
— Ауылдық, қалалық қөрмелерге ұсыну.
Мазмұны:
- Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдасы, кестелеу технологиясы(15 сағат)
- Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы /1сағат/
- Қолданылатын құрал жабдықтар және бисер түрлері . Қауіпсіздік ережесі. /2 сағат/
- Матаны дайындау,сурет салу /1сағат/
- Бояу түрлеріне байланысты су моншақ түрлерін таңдау /2сағат/
- Су моншақты матаға өрнектеу технологиясы / 2 сағат/
- Су моншақты кестелеу өнері «Гүл шоғыры» /3 сағат/
- Үлгі бойынша жапырақ жасау/сым қолдану/ 1 сағат/
- Су моншақпен гүл жасау /3 сағат/
- Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясы
(13 сағат)
— Алқа, білезік бұйымдарын жасау технологиясы
Зергерлік бұйымдар /4 сағат/
- Сыйлықтар жасау /3 сағат/
- Сөзжұмбақ, ребус шешу /1 сағат/
- Су моншақтан. Ою-өрнек жасау технологиясы /2 сағат/
- Ұсақ моншақтардан аппликация жасау
-Табиғат көрінісін бейнелеу /3 сағат/
- Жәндіктер мен су астын бейнелеу технологиясы /6 сағат/
- Қолтырауын, инелік бейнесін жасау технологиясы /3 сағат/
- Су асты жәндіктерін бейнелеу технологиясы / 2 сағат/
- Қорытынды. Көрме ұйымдастыру / 1 сағат/
«Су моншақтан бұйым жасау технологиясы» бағдарламасының күнтізбелік жоспары
4- сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
р/с | тақырыбы | сағ | теория | Прак. | күні | |||
1. Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдасы, кестелеу технологиясы / 15 сағат/ | ||||||||
1 | Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы | 1 | ||||||
2 | Қолданылатын құрал жабдықтар және бисер түрлері . Қауіпсіздік ережесі. | 1 | ||||||
3 | Матаны дайындау,сурет салу | 2 | ||||||
4 | Бояу түрлеріне байланысты бисер түрлерін таңдау | 2 | ||||||
5 | Су моншақты матаға өрнектеу | 2 | ||||||
6 | Су моншақпен кестелеу өнер «Гүл шоғыры» | 3 | ||||||
7 | Үлгі бойынша жапырақ жасау./сым қолдану/ | 1 | ||||||
8 | Моншақпен гүл тоқу | 3 | ||||||
Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясы /13 сағат/ | ||||||||
8 | Алқа, бұйымдарын жасау технологиясы /Зергерлік бұйымдар | 4 | ||||||
9 | Сыйлықтар жасау | 3 | ||||||
10 | Сөзжұмбақ , ребус шешу | 1 | ||||||
11 | Су моншақтан ою-өрнек жасау технологиясы | 2 | ||||||
12 | Ұсақ моншақтардан аппликация жасау. Табиғат көрінісін бейнелеу | 3 | ||||||
Жәндіктер мен су астын бейнелеу технологиясы /6 сағат/ | ||||||||
13 | Қолтырауын, инелік бейнесін жасау технологиясы | 3 | ||||||
14 | Су асты жәндіктерін бейнелеу технологиясы | 2 | ||||||
15 | Қорытынды. Көрме ұйымдастыру | 1 | ||||||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Мектептегі технология 2009 ж . № 2
- Цветы из бисера Н.И. Бондарева 2004 ж.
- Шебердің сиқырлы қаласы О Гумирова 2001 ж.
- Украшения и сувениры из бисера Е. Артманова 1999 г.
- Декоративно – прикладное искусство в школе. Изд. «Просвещение»1998 г