Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері
Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модельді қандай топтарға жіктеуге болатынын жеткізе білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тиянақтылыққа,шапшаңдыққа,жылдамдыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,интерактивті тақта,оқулық.
Сабақ өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1.Тіркестік өрнек дегеніміз не?
2.Жолдық тұрақты деп нені айтамыз?
3.Тіркестік өрнектерде қандай амалдар қолданылады?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:
Модель дегеніміз – нақты объектіні,процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді,процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін(макетін) құру.
Түпнұсқаның өзін зерттемей оның моделін құрудың қандай пайдасы бардеген заңды сұрақ туындайды.Біріншеден,модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектіні зерттеуге болады.Модельдеу үшін уакыт ешкандай кедергі келтірмейді.Белгілі деректерге сүйене отырып,гипотеза немесе ұқсастық әдісімен өте ерте замандағы жағдайлар мен табиғи апаттарды модельдеуге болады.Екіншіден,түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы мүмкін.Кейбір жағдайда адамды қызықтыратын объектінің бір қасиетін зерттеу үшін,оның бірқатар қасиетін ескермей жасаған модеоьдер түпнұсқаға қарағанда оның қасиетін зерттеуде тиімдірек болады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1.Қолданылу аймағы.
2.Модельде уақыт факторын ескеру.
3.Білім саласына қарай топтау.
4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу,тәжірибелік,ғылыми-техникалық,ойын,имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі- көрнекі оқу құралы,әр түрлі машықтандырушы,үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель-жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.Бұл модеоьдер- объектіні зерттеу,қасиеттерін болжау,зерттеу мақсатында қолданылады.Мысалы,үлкен теңіз кемесінің моделін алдын-ала бассейнге жіберіп,оның тез қозғалған кездегі ауытқуын,шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.
Ғылыми-техникалық модельдер-процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.Оған мысал ретінде электрондардыңжылдамдығын үдеткіш- синхротрон,найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Сабақты бекіту:
1.Жиым деп нені айтады?
- Паскаль тілінде жиымдар қалай сипатталады?
- Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Жеке озық оқушыларға тапсырма беру: Өтілген тақырыптардан сұрақтар құрастырып.іздену.
Үйге тапсырма беру: 9-тарау.Модельдер және модельдеу түрлері,227бет.