Ақпарат оның қасиеттерi. Ақпараттық процестер. Ақпараттың өлшем бiрлiгi. Кодтау. Екiлiк код.
Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жантақбаева Арайлым
8 сыныпқа арналған «Ақпаратты кодтау» топтамасына арналғанқысқа мерзімді жоспарлар
Сабақтың тақырыбы | Сабақтың мақсаты | Күтілетін нәтиже | ||||||||
Ақпарат оның қасиеттерi. Ақпараттық процестер. Ақпараттың өлшем бiрлiгi. Кодтау. Екiлiк код. | Ақпарат қасиеттері мен процестермен танысу. Өлшем бірліктермен жұмыс жасау жасау және кодтау. | Ақпаратты кодтауды және өлшем бірліктермен жұмыс жасай алады. | ||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | ||||||||||
№ | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер | Қарым-қатынас | Уақыт | Ресурстар | |||
1. | Сергіту | Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. «Ақпарат және ақпараттық процестер, кодтау дегеніміз не?» деген сұрақты ортаға салады. | Ішкі шеңберлерде тұрғандар сағат тілімен қозғалып, ойын айтады, одан кейін сыртқы шеңбердегілер түсіндіреді. | Ішкі және сыртқы шеңберлер | Оқушы мен оқушы | 3 минут | ||||
Негізгі кезең | ||||||||||
№ | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер | Қарым-қатынас | Уақыт | Ресурстар | |||
1.
2. | ЖИКСО әдісімен жұмыс.. (Жаңа сабақ материалы)
Көзбен көретін айғақтармен жұмыс | Сыныпты 3 топқа отырғызады да, оларды 4-ке дейін санатады.Сонда 4 топқа 4 тапсырма беріп өзара талдайды. (оқулықтың 45 беті)
Мұғалім тақырып бойынша жаңа сабақты меңгеру кезінде кездесетін термин сөздер мен тірек сызбаларды жаздыртады. | Ақпарат оның қасиеттері және ақпараттық процестер, кодтау, екілік кодтау тақырыбы бойынша әр топтағы оқушыларға тақырыптағы тақырыпшаларды бөліп береміз. Олар оқып бір -бірімен талқылайды. Одан кейін алғашқы топтарына барып, тақырыпты ашады. Ақпаратты сақтау, өңдеу, беру процестерін талқылап, ақпаратты кодтау жолын анықтайды. Әр топ мүшелері «Кір жаятын жіп» әдісіне жаңа термин сөздерді жазады және сызба түрінде көрсетеді. . | Жигсо әдісі
Кір жаятын жіп
| Оқушы мен оқушы
Оқушы мен оқушы | 15 минут
5 минут | Оқулық интернет жүйесі, электронды оқулық, интерактивті тақта. | |||
Қорытынды | ||||||||||
№ | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер | Қарым-қатынас | Уақыт | Ресурстар | |||
1.
2. | Компьютермен жұмыс.
Activote құрылғысымен жұмыс.
«Басбармақ» бағалау
Үйге тапсырма беру | Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.
Флипчарт арқылы тест тапсырмасын алу. Сабақты қорытын.
Үйге тапсырма береді. | Берілген тапсырманы компьютерге жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі. Activote құрылғысымен тест тапсырады. «Басбармақ» арқылы сабақты түйіндейді
| Ойлан-жұптас-бөліс
АТК Өзін-өзі бағалау «Оқушы күнделігі»
«Басбармақ» | Оқушы мен оқушы
Оқушы мен мұғалім. | 15 минут
8 минут
2 минут | Компьютер, интерактивті тақта, Activote.
| |||