Компьютерлік вирустардан қорғау

Сабақтың тақырыбы:    Компьютерлік вирустардан қорғау

Сабақтың  мақсаты: Компьютерлік вирус туралы түсініктерін қалыптастыру және вирустан қорғану жолдарын үйрету.

 

Сабақтың міндеттері:

           Білімділігі:   Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылығы:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік

қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелігі:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу,нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: білім, білімді практикада қолдана білу сабағы.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

 

Оқыту әдістері:баяндау арқылы түсіндіру,сұрақ-жауап

 

Сабақтың көрнекілігі:компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық, электронды оқулықтан тапсырмалар мен тест орындау,слайд .

 

Пән аралық байланыс: биология,тарих

 

Сабақтың өту барысы:

 

І. Ұйымадстыру кезеңі

 

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1.Файлдар мен қапшықтарды қалай іздейміз?

2.Іздеу командасы не үшін қолданылады?

3.Қандай белгілері бойынша іздеу командасымен файлдарды табуға болады?(слайд-1)

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Компьютерлік вирустардан қорғау.»(слайд-2)

Қазіргі уақытта  компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі.Вирустармен біз биология пәнінен таныспыз. Биология пәнінен адам ағзасына түсетін вирустарды білеміз  Компьютерлік вирустарда   өздігінен көбею қабілеті бойынша биолгия пәнінен белгілі вирустарға ұқсайды..

Компьютерлік вирус —  өздігінен  көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз «зақымдалған» дискета, диск,флеш жады немесе «зақымдалған файлмен бірге түсуі мүмкін.Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» программа деп аталады.Вирус басқа программаларды тауып зақымдайды, олардың қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш,  зиянкетік оймен жасайды.  Компьютерлік вирусты ең бірінші рет 1989 жылы американдық студент Моррис  жіберген. Осының салдарынан көптеген компьютерлер істен шыққан, ел экономикасына айтарлықтай зиян келген. Компьютерлік вирустар интернет желісі, сыртқы тасымалдашы құралдар арқылы жұғады.Енді осы вирустардың түрлерімен және олардың зиянкестігімен танысайық.

Мекендеу ортасына қарай  вирустарды былай бөлуге болады: (слайд-3)

 

ФайлдықЖүктейтін (загрузочный)Макровирустар
Файлдық жүйені қолданады, яғни файлдың өмір сүруін пайдаланады. Файлға жұққан вирустар өз сияқты файлдарды бәрін зақымдайды.Дискілердің оқылатын, орындалатын бөліктерінде болады.Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат  файлын ашқанда орындалады.

 

Зақымдану түрлері бойынша вирустар резиденттік және резиденттік емес болып екіге бөлінеді. (слайд-4)

Резиденттік вирустар-компьютерге жұққан кезде өзінің резиденттік бөлігін жедел жадыда сақтайды да , одан соң ОЖ жаулап алады. Резиденттік вирустар жадыда болғандықтан олар үнемі жұмыс істеп тұрады.

Резиденттік емес вирустар— бұлар жедел жадыда болмайды, қашып-пысып жүреді, яғни уақытша ғана өмір сүреді.

Зақымдану мүмкіндіктері бойынша вирустар мынадай топтарға бөлінеді:(слайд-5)

Зиянсыз-компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.

Қауіпсіз— бұлар дискідегі бос жадты кішірейтеді, графикалық, дыбыстық эффектілерге әсер етеді.

Қауіпті-бұл компьютердің жұмыс істеуіне елеулі кедергі келтіреді (ДК жұмыс істеп тұрып тоқтап қалуы мүмкін)

Өте қауіпті— программаның жоғалуына, қажетті құжаттар мен ақпараттар жоғалып кету, баяу жұмыс істеуі, тіптен компьютердің істен шығуына әкеліп соғады;

Компьютердің вируспен зақымданғанын дер кезінде білу үшін вирустардың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет. Компьютерге вирус жұққан кезде мынадай белгілері болады. (слайд-6)

1)Программаладың жұмысын тоқтату немесе жұмыс істемеу;

2)компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3)файлдар мен қапшықтардың жоғалуы;

4)файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;

5)дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6)компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар;

Компьютерді  және  файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет. Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар орнату керек.. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Осындай антивирустық программаларды жасаған орыстың атақты ғалымдары Д.Лозинский, Д.Мостов, А.Данилов, Касперский болды.Қазіргі кезде вирусқа қарсы программалардың бірнеше түрлері бар.

 

Вирусқа қарсы программалар мынадай болып бөлінеді.(слайд-7-10)

Детекторлар –бұлардың міндеті вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі кезде көп қолданылмайды.

Полифагтар-  бұлар вирустарды табады және олардан емдейді.Өте қуатты полифаг- сканерлер И.Данилов құрған Dr.Web(Doctor Web) және Д.Лозинский жасаған Aidstest программалары болып табылады.Бұлар вирустарды жақсы айырады бірақ вирусқа қарсы күресетін құралдары басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз.Қазіргі кезде кеңнен пайдаланып жүрген Е.Касперский жасаған антивирустық программа вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа болып табылады.

Ревизорлар-бұлардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д.Мостов жасаған ревизор-программа ADif  кеңнен танымал, бұл программа ақпараттың тұтас сақталуын бақылауға және вирустардан қорғауға арналған.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы программаларды тұрақты жаңалап отыру қажет.

  1. Сабақты бекіту.

1.Электрондық оқулықпен жұмыс (тапсырмаларды орындау, тест шешу)

  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
  2. Вирустар мекендеу ортасы бойынша нешеге бөлінеді?
  3. Зақымдану түрлері бойынша нешеге бөлінеді?

5.Вируска қарсы қандай программа бар?

  1. Антивирустық программалар нешеге бөлінеді?
  2. Қандай антивирустық программаларды білесіңдер?

 

  1. Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау тақырыпты оқу. «Антивирус» тақырыбына реферат жазу(слайд-11)

 

  1. Оқушыларды бағалау.