Айнымалы типтер
Тақырыбы: Айнымалы типтер | |||||
Күтілетін нәтиже: | |||||
Білім | • Паскаль тілінің типтерін атап шығады. • Паскаль тіліндегі типтерді сипаттайды. | ||||
Түсінік | • Бүтін және нақты сандарға тәнтиптерді айырып таниды. • Екі түрде жазылған бірдей санның айырмашылығын жуықтап бағалайды. | ||||
Қолданыс | •Айнымалыларды сипаттау үшін сабақ үстінде алған білімін пайдаланады. • Ақпаратты қай типте жазу керектігін ажыратады. | ||||
Анализ | • Берілген ақпаратты BOOLEAN типінде жазып көрсетеді | ||||
Синтез | • Әртүрлі типтерге мысал келтіреді. | ||||
Баға | • Әр түрлі типтегі айнымалыларды сипаттау. • Жиым мысалын жиымдардың қасиетіне негіздейді. | ||||
Сабақ құрылымы: | |||||
ІАқпарат блогы (15 мин.). ІІЛогикалық тапсырмалар блогы (5 мин.). ІІІЖаттықтыру және білімді есепке алу блогы ( 15 мин.). ІVИнтеллектуалдық тренинг блогы (5 мин.). VКүтілетін нәтиже блогы ( 5 мин.). | |||||
Сабақ типі: | |||||
• Сабақта жаңа білімді игеру | |||||
Оқыту әдісі: | |||||
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық | |||||
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: | |||||
• Жаңа терминологиямен таныстыру • Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету • Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру | |||||
Негізгі ұғымдар мен терминдер: | |||||
• Айнымалылар типтері, сипаттау бөлімі, бүтін сан түріндегі, нақты сан түріндегі, логикалық, символдық, тіркестік, саналатын, диапазондық немесе ауқымдық және жиымдық типтер. | |||||
Оқушыда дағды қалыптастыру: | |||||
• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау | |||||
Ақпарат көздері: | |||||
1 Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп. 2 Д. Прайс. 1987. Программирование на языке Паскаль. Москва: Мир. 3 Типы переменных. Ақпарат көзі: http://valera.asf.ru/delphi/book/tp05.shtml | |||||
Оқушы жетістігін бағалау: | |||||
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет. | |||||
Үй тапсырмасы: | |||||
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Анықтамаларды, типтердің түрлерін және сипаттамаларын жаттау, кез келген әр түрлі типтегі он айнымалыны сипаттау бөлімінде сипаттау. | |||||
• Бонус-балл тапсырмасы Жиымдық типті қолдануға болатын есепке мысал келтіріңіз. | |||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s | |||||
і. АҚПАРАТ БЛОГЫ |
Тақырып жоспары:
- Айнымалылар типтері.
- Типтерді сипаттау.
- Типтер мысалы.
Слайдтар:
1-слайд (титул) |
2-слайд Тип дегеніміз не? Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады. |
3-слайд |
4-слайд Типтерді сипаттау Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Жазылу пішімі: 1. var<идентификатор> : <тип> 2. type<тип атауы> = <тип мәндері>; Типтерді сипаттау диаграммасы | ||||||||||||||||||
5-слайд Бүтін сан түріндегі типтер
|
6-слайд Нақты сан түріндегі типтер
|
7-слайд Логикалық тип BOOLEAN Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады. Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND — (және), OR — (немесе), NOT — (емес), XOR -(арифметикалық немесе) |
8-слайд Символдық тип CHAR Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б. |
9-слайд Тіркестік тип · STRING · Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды. Сипаттау мысалы: VAR s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады} s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең } |
10-слайд Саналатын тип Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы: атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор); Var kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’); |
11-слайд Диапазондық немесе ауқымдық тип · Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді. · Мысалы: атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>; Var Apta_kunderi = 1..7; Ai_kunderi = 1..31; |
12-слайд Жиымдар (Массивтер). Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. ARRAY Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады. Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды. |
13-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы. 1. VAR M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары } A1 : array[100..200] of real; ch1 : array[‘A’..’Z’] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері } ch2 : array[0..255] of char; |
14-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы 2. TYPE Date_M = 1..31; Cyrillic_b = ‘А..Я‘; Latin_b = ‘A..Z’; {диапазондық тип} Belgi = (2,3,4,5); Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип} VAR t1, t2 : Date_M; c1 : Cyrillic_b; s1 : Latin_b; a1, a2 : Belgi; b : Ball; |
іі.Логикалық тапсырмалар блогы |
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Айнымалылар типтері. | Типтерді сипаттау. | Типтер мысалы. |
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ііі.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы |
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
- Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.
- Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.
- Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?
- a) WORD; b) INTEGER; c) SINGLE; d)LONGINT; e)
- Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?
- a) COMP; b)BYTE; c) WORD; d)EXTENDED; e)
- Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?
ІІ деңгей тапсырмалары
- Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?
- у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?
- Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?
ІІІ деңгей тапсырмалары
- Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:
- MARRIED егер адам үйленген болса рас;
- BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;
- MALE егер ер адам болса рас;
- EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.
Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):
- тұрмыс құрған әйел;
- үйленбеген ер адам;
- тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;
- жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;
- тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.
іV.Интеллектуалдық тренинг блогы |
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ:
Нақты сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
2-топ:
Бүтін сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
3-топ:
Символдық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
V.Күтілетін нәтиже блогы | ||
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз. _________________________________________________ |