Графикалық редактор Paint. Paint редакторының құралдары, түстер палитрасы.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің информатика пәні мұғалімі Бекқалиев Нұржан Есентайұлы
Сыныбы: 7б
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор Paint. Paint редакторының құралдары, түстер палитрасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, практикалық
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар графикалық редактормен танысып, ол туралы мағлұмат алады;
- Редактор құралдарының атқаратын қызметтерін меңгереді;
Не арқылы бағаланады:
- Тапсырмадағы құжаттардың қызметін түсіндіреді;
- Графикалық редакторда суреттері арқылы.
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
- Тапсырмалар
- VI. Қорытындылау, бағалау
VII. Үйге тапсырма
- Сыныптағы оқушыларды тексеру. Сыныптың тазалығын тексеру, техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қайталау. Оқушыларды екі топқа бөліп орналастыру.
- Үй тапсырмасына информатиканың даму тарихы, ЕЭМ-ның даму тарихы тақырыптарында оқушыларға тапсырмалар(тақырыпқа байланысты сурет салып, сурет бойынша эссе жазу, тақырып бойынша 10 сұрақ дайындап келу, тақырыптағы тірек сөздер арқылы ребус құрау) берілген болатын. Оқушылардың дайындаған жұмыстарын жеке жеке өздері қорғайды.
Сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі біздің тақырыбымызды анықтаймыз.
1.Кіші әріптерді ауыстырып қосу.
2.Алдындағы символды өшіру.
3.Бас әріптерді ауыстырып қосу.
4.Келесі жолға түсу.
5.Арнайы әрекеттер үшін
C | A | P | S | L | O | C | K | |||||
B | A | S | K | S | P | A | C | E | ||||
S | H | I | F | T | ||||||||
E | N | T | E | R | ||||||||
C | T | R | L |
III. Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі бар. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер(мозайка) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, суреттерді, сызбаларды, (чертеждар) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.
Редакторды іске қосу үшін:
ПУСК ПРОГРАММЫ СТАНДАРТНЫЕ PAINT
(Іске қосу) (бағдарламалар) (стандартты) (Paint)
Команда орындалғаннан кейін, экранға Paint терезесі шығады.
Терезе құрамында бізге осыған дейін таныс элементтер мен жаңа элементтер (тақырып жолы, меню жолы, жұмыс аумағы, жалпы жағдай және құралдар тақтасы, палитра) кездеседі.
Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында құралдар тақтасы орналасқан. Paint редакторында 16 құралды пайдаланамыз. Кез-келген құралды таңдау үшін құрал белгісіне курсорды алып барып, бір рет шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған құрал бейнесі айқын түспен ерекшеленеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint –та бір уақытта екі түспен сурет алуға болады: қалам түсімен ( оны негізгі түс деп атаймыз), және фон түсімен (фондық). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі, ал астыңғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез-келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар, ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып, негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.
Құралдар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болда. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
— аэрозоль балонының саясының ені,
— өшіргіш /ластик/ ені,
— бояуыш немесе қылқалам /кисть/ ені.
Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек
Фонның түсін таңдау
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)
Ерікті аймақты белгілеу, құралы бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш / түрлі-түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез-келген нүктесіне түсіне өзгертеді.
Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.
Бүріккіш құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.
Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
IV.Тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдар тақтасынан әр құрал бөлек бөлек беріледі, сол құралдарды пайдаланып еркін тақырыпта сурет салу.
Линия (сызық) батырмасын шертеміз. Құрал-саймандар жиынының астындағы жақтаудан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар. Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қойыңдар. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға нұсқағышты тасымалдып апарыңдар. Маустың батырмасын жіберіңдер.
Тік төртбұрыш батырмасын шертіңдер. Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңда: 1-тек жақтау, 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру. Маус нұсқағышын тік төртбұрыш салғыларың келген жерге орналастырыңдар. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар. Маус батырмасын жіберіңдер.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш батырмасын шертіңдер. Қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау, 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру. Маус нұсқағышын дөңгеленген тік төртбұрыш салғыларың келген жерге орналастырыңдар. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты дөңгеленген тік төртбұрыш жақтауын созып, қажетті өлшем мен пішін пайда болғанша тасымалдаңдар. Маус батырмасын жіберіңдер.
Эллипс батырмасын шертіңдер. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2-шекара және толтыру, 3- тек толтыру. Маус нұсқағышын дөңгеленген эллипс салғыларың келген жерге орналастырыңдар. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты эллипс жақтауын созып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар. Маус батырмасын жіберіңдер.
Көпбұрыштар салу батырмасын шертіңдер. Көпбұрыштардың қажетті түрін таңдаймыз. 1-тек жақтау, 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру. Маус нұсқағышын бір қабырға басталатын жерге орналастырыңдар. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталады деп ойлайтын жерге дейін тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер. Осы әрекетті көпбұрыштың барлық қабырғалары салынып болғанша қайталаңдар.
Құю (заливка) құралын шертіңдер. Түсті таңдау үшін, маус нұсқағышын түстер палитрасына орналастырып, қажетті түсте шертіңдер. Маус нұсқағышын тұйық контурдың ішіне апарып, маус батырмасын шертіңдер.
Бүріккіш құралының батырмасын шертіңдер. Қажетті түсті түстер палитрасынан таңдаймыз. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болған жақтайдан бүрку дағының өлшемін таңдаңдар. Маус нұсқағышын бүркілетін жерге апарып, маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, бояуды бүрку керек.
Қылқалам (кисть) батырмасын шертіңдер. Қылқалам өлшемін таңдаңдар. Түсті таңдаңдар. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, кистьті боялатын бетте кәдімгі кистьпен бояп отырғандай жылжытыңдар.
Надпись құралын шертіңдер. Мауспен төртбұрышты жақтау салыңдар. Жақтауда кірістіру меңзері пайда болады. Пернетақтаның көмегімен «Менің ұстазым» мәтінін енгізіңдер
- Эссе жазу. Бүгінгі тақырып бойынша не түсінгендіктері жөнінде, не үйрендері жөнінде, өздерінің ой-пікірлерін қорытындылап, шағын эссе жазу.
- Сабаққа қатынасқан оқушылардың ынта-ықыластарына байланысты, белсенділіктері мен білімдеріне байланысты тиісті бағаларын айту.
VII. Үйге тапсырма. Paint графикалық редакторы. Еркін тақырыпта дәптерлеріне сурет салып келу.