Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: Өткен тақырыпты еске түсіру. Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, планшет, флипчарт.
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру . 1 минут
- Өткен тақырыпты еске түсіру. 5 минут
- Үйге берілген тапсырманы тексеру . 5 минут
- Жаңа тақырыпты тұсіндіру. 10 минут
- Тапсырмаларды орындау 10 минут
- Сергіту кезеңі 2 минут
- Ауызша тапсырма 2 минут
- Полиглот 5 минут
- Сабақты бекіту.3 минут
- Бағалау 1 минут
- Үйге тапсырма беру. 1 минут
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауапқа, тапсырмаға 1 смайликтен беріп турамын.
І. Өткен тақырыпты еске түсір.
Санымен балалар өткен тоқсанда өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге бір сурет экранда көрсетемін, сол суретті тақтада салу керек. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
- Paint редакторын ашыңыз.
- Үлкен тік төртбұрыш сал, түсін қоңырға боя.
- Түзу сызық арқылы төбесін сал. Көк түске боя.
- Терезе көлемі тәрізді етіп тіктөртбұрыш сал, түзу сызық таңдап сызықтар жүргіз.
- Оны көшірмелеу арқылы екеуін жаса.
- Терезелер түсін сары етіп боя. Есік суретін салып боя.
- Үйдің төбесіне тұрба сал. Бүріккіш құралын пайдаланып түтін сал.
- Шеңбер арқылы күн, түзу сызық арқылы сәуле сал.
- Суретке «Мой дом» деп жазу кірістір, дәл осылай сақта сақта.
9 кеспе қағазы беріледі. Балалар тез әрі дұрыс интерактивті тақтада сурет салады.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сәйкестікті тап. Берілген құрал мен оның атын сәйкестендіріңдер.
ІІІ. Жаңа тұсініктер:
Мәтіндік процессор — бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін ұзінділерін косута, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, тұрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысын жазып қоюға да болады.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Видио түсіндіру. Видиоролик.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad. мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында, пішімдеу тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
- Компьютерде тапсырмалар орындау:
1 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз. Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»
- Сергіту кезеңі.
- Ауызша тапсырма.
Қателерді анықтау
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате
VII. Полиглот.
VІІІ. Сабақты бекіту: (Терезе қатарларын құрастыр)
ІХ Бағалау.
Х. Үйге тапсырма: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.