5- сынып Тест тұрақтары
5- сынып Тест тұрақтары
1.Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу кере?
а) 10-15 ә) 20-30 б) 40-50 в) 60-70
2.Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
а) сезу және көрудің ә) иіскеу мен естудің
б) есту мен көрудің в) көру және дәмін татау арқылы
3.Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
а) қағазды ә) дискіні б) тасты в) суды
4.Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
а) биді ә) суреттерді б) қимылды в) дыбысты
5.Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?
а) Кітап ә) радио б) журнал в) плакат
- Ақпарат алу – ол:
а) үй жұмысын орындау ә) ағаш көшеттерін отырғызу
б) музыка тыңдау в) математикада есеп шығару
7.Адам үшін ұялы телефон – ол:
а) ақпарат көзі ә) ақпаратты өңдеу құралы
б) ақпарат қабылдаушы в) байланыс құралы
8.Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
а) әріптер ә) мәтіндер б) сандар в) нөл мен бірлік
9.Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
а) бит ә) байт б) 1 в) әріп
10.Бір байт – ол:
а) 10 бит ә) 16 бит б) 8 бит в) 4 бит
11.1 кбайт-ол:
а) 100 бит ә) 1000 байт б) 1024 байт в) 1500 байт
- 1 мбайт – ол :
а) 100 кбайт ә) 1000 байт б) 1024 кбайт в) 1500 гбайт
- 1 гбайт ол:
а) 100 кбайт ә) 1000 мбайт б) 1024 мбайт в) 1500 мбайт
14.Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
а) есептеу ә) басқару б) ақпаратты іздеу в) құжат құру
15.Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
а) процессор ә) принтер б) дискжетек в) жедел жады
16.Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы:
а) жады ә) процессор б) дискжетек в) монитор
17.Ақпарат компьютердің құрылғысында өңделеді?
а) пернетақта ә) процессор б) сыртқы жады в) монитор
18.Ақпаратты енгізу құрылғысы?
а) принтер ә) процессор б) пернетақта в) компьютердің жады
19.Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?
а) бос орын (пробел) ә) alt б) tab в) ctrl
20.Enter пернесі не үшін керек?
а) енгізу ә) курсорды жылжыту
б) қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру в) бас әріптер режимін алмастыру
21.Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т.б) қағаздан компьютерге енгізу құралы:
а) принтер ә) сканер б) пернетақта в) монитор
21.Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?
а) микрофон ә) сканер б) колонкалар в) монитор
22.Қайсысы ақпарат тасығыш емес?
а) қатты диск ә) лазерлік дискілер б) флеш-жады в)процессор