Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік мақсаты: Автоматтың, пулеметтің түрлерімен, құрлысымен таныстыру.
2) Дамыту мақсаты: Автоматтың, пулеметтің құрлыстарын үйрету, оның дұрыс қолдану қабілеттілігімен және ұқыпты қолданылуын арттыру және дамыту.
3) Тәрбиелік мақсаты: Елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға табандылықпен нық тұруға, өз отанының патриоты болуға , Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген құрметке, батылдыққа тәрбиелеуге.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Берілген уақыты: 45 минут
Сабақтың өтілетін орны: АӘД кабинеті.
Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулық кітабы, газет, журналдар
Көрнекілігі: Плакаттар, АК-74 М Оқулық қаруы
Сабақтың барысы:
І. кіріспе (3 минут)
Взвод командирінен рапорт қабылдау,сәлемдесу, әскери форма киуін қадағалау, сабақ барысында қарумен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды еске түсіру, техника қауіпсіздігі журналына қол қойдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)
Автоматқа пулеметке күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын білу үшін мынадай кестедегі сұрақтар арқылы анықтаймыз.
Автоматқа (пулеметке) күтім жасау | ||
Автоматты тазалау және майлау үшін | Автоматты тазалау тәртібі | Тазалауға дайындалған автоматтың керек жарағы |
Автоматты (пулеметті) сақтау және күтіп ұстау | |
Автоматқа (пулеметке) күтім жасау | Патрондарды сақтау және күтім жасау |
Автоматты тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі казармада немесе далада орналасу кезінде автоматты тазалау арнайы жасақталған столдарда, ұрыс даласында жаттығу кезінде таза төсеніш үстінде жүргізіледі.
ІІІ . Жаңа сабақ:
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау (30 минут).
Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда немесе жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалаудан жүргізіледі.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегінөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмірі газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөліктеу тәртібі:
1) Оқжатарды бөлектеу.
2) Жабдықтар пеналмен дүм ұясынан шығарып алу.
3) Сүмбіні алу.
4) Автоматтан-ұңғылық тежеуіш-конпенсаторын, пулеметтен-жалын сөндіргішін бөліп алу.
5) Ұңғы қорабшасының қақпағын бөлектеу.
6) Қайтармалы механизімді бөліп алу.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу
9) Ұңғылық бастырмамен газ түтігін босатып алу
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден
кейін жинастыру реті.
1) Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу.
2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.
3) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.
4) Қайтармалы механизмді қосу.
5) Ұңғылық қорабының қақпағын қосу.
6) Шүріппені ұрыстың қайырмасынанм босатып, сақтандырғышқа қою.
7) Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке жалын сөндіргішті қосу.
8) Сүмбіні қосу
9) Пеналды дүм ұясына салу
10) Оқжатарды автоматқа қосу.
ІV. Сабақты бекіту.
Сұрақтар беру арқылы жаңа сабақтың оқушылар қаншалықты меңгергенін анықтау.
1) Автоматты (пулметті) бөлектеудің неше түрі бар?
2) Автоматты (пулметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
3) Автоматты (пулметті) толық емес бөлшектеуді атап беріңдер? (3 минут)
- V. Қорытынды. Мұғалімнің талдауы (2 минут)