Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері

Мақсаты:

Білімділік: ДК – мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндеттерімен   таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларымен және олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғысы процессормен, ЖЖҚ – мен ТЖҚ – мен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылар компьютерді өшіруді және қосуды үйрету

Тәрбиелік:Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу. Сабақтың типі: Пікірлесіп- түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап

 

Сабақ барысы.  I  Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II  Үй жұмысын сұрау

III  Жаңа сабаққа кіріспе

IV  Жаңа сабақ

V  Жаңа сабақты бекіту

VI Үй тапсырмасын беру

VІI    Бағалау

 

 

Жаңа сабақ

 

Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді,яғни есептеуге арналған құрылғы.

Компьютер— деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай,цифрлық емес ақпаратты  өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті

компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділімен,

жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен өзара

жалғастырылған бірнеше блоктардан тұрады.

Біз үлкен ЭЕМ- ді немесе қарапайым дербес компьютерді алсақ та, олар бір- біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай бөліктерден тұрады:

  1. орталық процессор;
  2. енгізу (деректерді) құрылғысы;
  3. есте сақтау құрылғысы (жад);
  4. шығару (деректерді) құрылғысы.

Орталық процессор барлық есептеу жұмыстары мен информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады.Күрделі машиналарда процессор бір – бірімен байланысқан бір немесе бірнеше пластиналардан құрастырылған интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

            Енгізу құрылғысы мәліметтерді сыртқы ортадан компьютерге енгізу үшін қолданылады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадында сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адаидарға жеткізу үшін қолданылады.

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін құрылғыларды олардың функционалдық қызметіне қарай екіге бөлу қалыптасқан,олар: жүйелік блок және перифериялық, яғни шеткері құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

Микропроцессор;

Оперативті (жедел)есте сақтау құрылғысы;

Тұрақты есте сақтау құрылғысы;

Қоректену блогы мен мәлімет

енгізу- шығару   порттары.

Ал, шеткері құрылғылар құрамы:

Мәлімет енгізу құрылғылары;

 

Бекіту: а) Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар?

ә) Ақпараттарды енгізу-шығару құрылғыларын атаңдар?

б) Компьютер жадының қандай түрлерін білесіңдер?

 

Сабақты қорытындылау:  Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

 

Үй тапсырмасын беру: тақырыпты оқу, мазмұндау.

Бағалау: