Операциялық жүйе ұғымы
Күні:________
Тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Операциялық жүйелердің анықтамасын білу. Олардың түрлерінмен танысу және программаларымен танысу;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Операциялық жүйе — бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:
- барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
- әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
- Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
- Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс — пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.
Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
Компьютердің жалпы құрылымында операциялық жүенің орналасуын келесі 1-суретте көрсетелік. Астында екі немесе оданда көп деңгейден тұратын аппаратты қамсыздандыру орналасқан. Ең төменгі деңгейде интегралды микро схемалардан,электронда-сәулелі трубкалардан, қоректену көздеріне тұратын физикалық жабдығы бар. Жоғарыда микроархитектуралық дейгей орналасқан. Осы деңгейде орталық процессордың ішкі регистрлеры, арифметика-логикалық жабдықтар орналасқан.
1-сурет. Компьютерлік жүйе аппаратты қамсыздандыру, жүйелік программалардан, және қосымшалардан тұрады.
Банктік жүйе | Авиабилеттердің сұранысы | Web-браузер |
Компилыторлар | Редакторлар | Командалардың интерпритаторлары |
Операциялық жүе | ||
Машиналық тіл | ||
Микроархитектура | ||
Физические устройства |
Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- Операциялық жүйе не үшін қажет?
- Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
- Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.