Компьютердің қосымша құрылғылары
Сабақтың тақырыбы : § 7 Компьютердің қосымша құрылғылары
Сабақтың мақсаты : компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.
Оқушылар білуі тиіс : көп тараған қосымша құрылғылардың қызметін және олардың сипаттамасын, ақпарат тасығыштардың түрлерін, олардың қызметі мен сипаттамаларын, «ақпарат көздерінің ақпараттық сыйымдылығы» түсінігін.
Оқушылар үйренуі тиіс : құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін, ақпарат сыйымдылығын.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Біліміді өзектендіру
Оқушыларға сұрақтар қойылады :
Компьютердің негізгі құрылғыларына қандай құрылғылар жатады ?
Неліктен бұл тізімге тышқан кірмейді ?
Өткен сабақта құрылғылардың бәрін оқыдық па ?
Құрылғылардың қайсысын компьютерге қосуға болады ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютерге қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады. Оларды атайық. Құрылғының қайсысы ақпаратты енгізуге қызмет етеді ? Қайсысы шығаруға?
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.
Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .
(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .
Ақпарат тасығыштар :
- қатты диск (винчестер) ;
- жұмсақ диск (дискета ) ;
- лазерлік дискілер ;
- флеш –жады.
Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Жұмсақ дискі – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.
Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшамдискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады. Ал DVD дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар – флеш – жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш –жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан –жылға артып келеді.
VІ Сабақты қорытындылау
VІІ Үйге тапсырма
- 6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.