Операциялық жүйенің басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері

Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйенің басқарудың негізгі  тәсілдері және обектілері

Сабақтың мақсаты : оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру

Сұрақтар :

Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?

ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?

ОЖ-ға мысал келтір.

Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?

V Жаңа тақырыпты оқып-үйрену

Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.

Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.

Жұмыс үстелі

Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.

Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.

Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :

Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.

Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:

  • Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.
  • Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.

Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :

  • Тұтынушы – дербес буманы ашу;
  • Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;
  • Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;

 

  • Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;
  • Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;
  • Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;
  • Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;
  • Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;
  • Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.

Есептер тақтасы

Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.

Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.

Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.

«Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.

VІ Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс

Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады.

В,С деңгейлік тапсырмалары Paint графикалық редакторында жұмыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

VІІ Қорытындылау

Мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалайды.

VІІІ Үйге тапсырма

Операциялық жүйенің басқарудың негізгі  тәсілдері және обектілері