Мәтінді пішімдеу. Әріптер

Сабақтың тақырыбы : § 22 Мәтінді пішімдеу. Әріптер.

Сабақтың мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : шрифтті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын.

Оқушылар үйренуі тиіс : мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

  1. Мәтіннің қай элементі минималды болып табылады ?

2.Құжатты құрғанда мәтіндік редактор бізге қандай әріпті ұсынады ?

  1. Азацта мәтін болмауы мүмкін бе ?
  2. Абзац дегеніміз не ?
  3. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?
  4. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?
  5. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?

V Жаңа тақрыпты түсіндіру

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады : Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту.

Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мүмкін.

Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін   батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:

— Әріптерді жуандатады;

— Әріптерді қисайтады;

— мәтіннің астын сызады.

Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:

  • әріптің түрін ;
  • мөлшерін;
  • түсін.

Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14 пт мөлшері, TimesNewRoman гарнитуралары ұсынылады. Мәтінді түстермен және ерекше кескінмен көзге түсердей етіп артық белгілеудің қажеті шамалы.

Сондай – ақ ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімін бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B , курсив ету үшін — Ctrl+І пернелер тіркесімін қолдануға болады.

 

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды Бақылау сұрақтарымен қорытындылау.

VІІІ Үйге тапсырма

  • 22 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.