Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу
Сабақтың тақырыбы: Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту
бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциялық дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьтер, оқулық, электронды оқулық.
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
Бағдарламалардың іске қосудың және құжатты ашудың 3 тәсілі бар:
1.”Менің компьютерім”қапшығының терезесі арқылы
- Проводник бағдарламасы арқылы
3.”Пуск”батырмасын пайдаланып
“Пуск”батырмасының көегімен бағдарламаларды іске қосу
1.Пуск батырмасын басамыз,сонда Бас меню пайда болады
2.Бас менюде тышқанның нұсқауышын Бағдарламалар (Программа)
командысына орналастырамыз, сонда бағыныңқы меню шығады
3.Бағыныңқы менюде тышқанның нұсқауышын Стандартные команды-
сына орналастырамыз, сонда келесі тышқанның нұсқауышын қажетті қолданбаға орналастырып , оны шертсек қолданба ашылады
“Мой компьютер”қапшығы арқылы бағдарламаны іске қосу:
1.Мой компьютер қапшығының терезесін ашамыз.
2.Мой компьютер қапшығындағы диск С белгішесіне тышқанның
нұсқауышын орналастырып, екі рет шертіп, С дискінің терезесін
ашамыз
3.Бұл терезеде Program Files қапшығының терезесін ашамыз
4.Бұл терезеде қажетті қапшықтарда орналасқан қолданбаларды іске
қосамыз
«Пуск» батырмасының көмегімен құжатты ашу.
Бас меню арқылы құжатты ашу үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Пуск батырмасын басыңдар.
- Бас менюде Недавние Документы командасына тышқан нұсқағышын орналастырыңдар, сонда қалқып шығатын бағыныңқы меню пайда болады, онда жақында ашылған құжаттар (файл) көрсетіледі.
- Тышқан нұсқағышын белгілі бір құжаттың белгішесіне әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын шертіңдер. Сонда таңдалған құжаттың терезесі мен құжат жасалған қолданба ашылады.
«Мой компьютер» қапшығы арқылы құжатты ашу.
- Мой компьютер қапшығын ашыңдар.
- Сой компьютер қапшығындағы диск С: белгішесіне тышқан нұсқағышын орналастырып, оны екі рет шертіңдер. С: дискісінің терезесі ашылады.
- Ашылған терезеде Мои документы қапшығының белгішесіне тышқан нұсқағышын орналастырып, оны екі рет шертсеңдер, Мои документы қапшығының терезесі ашылады.
- Бұл терезеде ашатын құжаттың белгішесіне тышқан нұсқағышын орналастырып, оны екі рет шертсеңдер, құжат бұрын құрылған қолданбада ашылады.
Үйге тапсырма: Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.