Файлдар мен қапшықтар. Обьектілермен жұмыс істеу.Корзинаны қалай тазалайды?
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Обьектілермен жұмыс істеу.Корзинаны қалай тазалайды?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақ
Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту
Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
- Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау
- Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл – Переименовать командасын орындау
- Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
- Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңаат жазу
Қапшықтарды, файлдар мен таңдашаларды жою
Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:
1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу
2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу
- Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл — Удалить командасын басу
4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару
Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.
Себетті тазалау
- Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу.
- Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить корзину командасын орындау.
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?
- Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?
- Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?
- Алмасу буфері дегеніміз не?
- Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?
Үйге тапсырма: Объектілермен жұмыс істеу. Корзинаны қалай тазалайды?