Компьютердің құрылымы

Сабақтың тақырыбы : § 6 Компьютердің құрылымы

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Барлық компьютерлердің бір – бірінен айырмашылығы- олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.

Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады.

  • ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан
  • ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан
  • жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан

Бұл құрылғылар міндетті болып табылады. Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.

Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады. Олардың көмегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, бұйрық бере аламыз.

Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Шын мәнінде, компьютер осының өзі. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы басқалар орналасқан.

Жүйелік блоктың құрамы

Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді

Жедел жады — компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.

Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.

Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .

Желілік карта – окмпьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.

Пернетақта

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.

Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар

Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімін бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift + Ctrl) . Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift  пернесімен бірге басу керек.

Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіл қоланылады. Пернетақтадағы CapsLock пренесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз ? Ол үшін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде CapsLock пренесінің аты бар индикатор жанады. Бұдан кейін пернатақтада тергендеріңнің бәрі үлкен әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, CapsLock пренесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индикатор өшеді.

Қосымша цифрлық пернетақта цифрлардан да, сілтемелерден де тұрады. Жұмыс режимін NumLock пернесі көмегімен ауыстырады.

Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.

Қорытынды

Бақылау сұрақтары

Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

Компьютердің негізгі құрылғысына тышқан неге кірмейді ?

Компьютердің жүйелік блогы құрамына кіретін құрылғыларды атаңдар

Мына құрылғылардың қайсысы компьютердің жүйелік блогы құрамына кіреді: тышқан, процессор, сандық видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналық тақша ?

Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай ?

Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма ?

 

Үйге тапсырма

 

  • 6 тақырыпты оқу, тестке жауап жазу