Медициналық протозоология-Қарапайымдылар типі-Protozoa

Сабақтың тақырыбы: Медициналық протозоология-Қарапайымдылар типі-Protozoa

Сабақтың түрі:  аралас сабақ уақыты: 90 мин                                             

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Қарапайымдылар типі. Саркодалылар класы. Талшықтылар класы.
  • Лабораториялық диагностикасы.  Жұғу жолдары.

Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Медициналық биология мен генетиканың қырлары туралы түсініктерін дамыту.

 

Тәрбиелік: Мамандығын сүюге және пәннің болашақ дәрігерлерге маңыздылығы туралы айту. Медициналық биологияның зерттеу жетістіктерін қолданудың этикалық эстетикалық нормаларына түсінік беру. Жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

  • Ақпараттық технология
  • Кәсіптік бағдар беру
  • Интерактивті технология
  • Сараптау саралау

 

 

Берілген технологияны іске асыру әдістері:

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ынталандыру
  • Талдау, сараптау
  • Аралас және ауызша сұрау
  • Сәйкестендіру

 

 

Пәнішілік байланыс:

Паразитология — паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.

Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян кел-тіруі.

Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді.

         Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларынын қоздырғыштары, таратушылары, аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болын табылады.

Буынаяқтылар жоғары сатылы омыртқасыз жануарлар болып, оларға 1,0—1,5 миллиондай түрлер топтастырылады.

Буынаяктылардың денесі буылтықтарға бөлінген. Буылтық-тары бір-бірімен кірігіп дене бөлімдерін — бас, көкірек, құрсақ пайда етеді.

Буынаяқтылардың аяқтары да буылтыктардан тұрады. Аяқ-тарының қызметі түрліше — олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай, сол сиякты сезу, ауыз аппараты, қорғаныс және шабуылдау қызметгерін де атқарады.

Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңқа, қорғаныс кызметерін аткарацы. Бұлшықеттері көлденең жолақы болып күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды камтамасыз етеді.

Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде. Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады, сосын соңғы дене қуысы пайда болады, бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы белігі болса да сақталынып қалады. Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды.

               Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

Бұл типке 7300-ге жуық түрлер жатады. Олар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта кездеседі. Көпшілігі паразиттік тіршілік етуге көшкен. Жалпақ құрттар типі 3 класқа бөлінеді. 1. Кірпікшелі құрттар 2. Сорғыштар класы 3. Таспа құрттар класы. Адам паразиттері соңғы екі класқа кіреді, сондықтан да біз енді соларға тоқталамыз.

                Сорғыштар  класыTrematodes

                    Бұл класқа 3000 ға жуық  түрлер жатады,  олардың бәрі де паразиттер  болып  саналады.

Бұлардың  денесі жалпақ, жапырақ  тәрізді болып,    өлшемі   2-ден  800мм   дейін  жетеді. Денесі тері – бұлшықет  жапқышпен  қапталған. Ол сыртқы қабаттан – тегумент және 3 қабаты (сақиналы,  диагональ, ұзына бойына орналасқан )  біркелкі салалы бұлшықеттен құралған.

     Сорғыштар класының  ерекше белгісінің бірі – иесінің денесіне бекінуге және көректік  затты соруға арналған ерекше сорғыштарының болуы.  Әдетте, 2 сорғышы болады – ауыз сорғышы және құрсақ сорғышы. Ауыз сорғышы дененің алдынғы жағында орналасады және ол ауыз тесігімен  байланысқан, ал  құрсақ  сорғышы дененің құрсақ  бетінде орналасып бекіну қызметін атқарады.

    тудыратын аурулары  трематоздар.

 

Пәндер аралық байланыс :

Микробиология-Патогенді қарапайымдар-Қарапайымдар бір клеткалы организмдер.Бактерияларға қарағанда клеткалары күрделі.Қарапайымдылар жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді.Амебалар,лямблялар және блантидиялар тұрақты өмір сүру үшін цисталар түзеді.Патогенді қарапайымдарға лейшменноз,трипаносамоз,трихомониоз,лямблиоз, балантидтяз қоздырғыштары жатады. Патогенді қарапайымдыларқоршаған ортаға төзімтал емес тез өледі.

Хирургия–хирургиялық паразитарлы аурулар –бауыр мен өкпе эхинококкозы, ішектері тығындалып қалған  ішек құрт т.б аурулар хирургиялық жолмен емделеді.

Патологиялық анатомияТоксоплазмоз қарапайымдылар қоздыратын жұқпалы ауру. Ол антрозпозооноздарқатарына жатады. Адамға көбінесе үй хайуанаттарынан жұғады.Токсоплазмоздың туа және жүре пайда болған түрлерін ажыратады. Токсоплазмалар клетка ішінде бөліну жолымен көбейеді.клеткадан тыс көп өмір сүрмейді. Псевдоцисталар бөлшектеніп ондағы токсоплазмалар айналадағы тканьге өтіп осы жерде некроз , қабыну реакцияларын шақырады.Сорылып кеткен некроз ошақтарының орнында торсықтар пайда болады.Псевдо цисталармен бірге құрамында бірнеше жүз паразит бар шар тәрізді нағыз торсықтар да кездеседі, олар өте қатты.Токсоплазмоз нәтижесінде бала жатырда немесе туғаннан соң бірінші айларда өледі,оған орталық нерв жүйесіндегі және көздегі өзгерістер себеп болады.

Сабақтың жабдықталуы:

       Көрнекті құралдар:  Плакат: Паразиттер,слайд, бейне ролик

Үлестірме материалдар:  тест тапсырмалары, сөз жұмбақ, интернет материалдары,үлестірме қағаздар

Техникалық оқу құралдары: компьютер,интерактивті тақта.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут):

Студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына назар аудару, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару.

 

  1. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2-3 минут):

Сабақтың жоспары:

  • Қарапайымдылар типі-Protozoa
  • Саркодалылар класы-Sarcodina
  • Талшықтылар класы-Flagellata
  • Споралылар класы-Sporozoa
  • Инфузория класы-Infusoria

 

 

 

  1. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру (15-20 мин)

Үйге берілген тапсырма Медициналық паразитология тақырыбын сұрау.Сабаққа дайындықтарын сұрақ-жауап,түрлі тапсырмалар,тест арқылы бағалалау.

 

3.1.Сұрақтар(интерактивті тақтаны пайдалана отырып жауап беру):

  1. Паразитология ғылымы нені зерттейді?
  2. Медициналық паразитологияның негізгі мақсаттарына сипаттама беріңіз.
  3. Медициналық паразитология қаншаға бөлінеді?
  4. Паразиттер қаншаға бөлінеді?
  5. Паразитология ғылымы қай ғасырда дербес ғылым болып қалыптасты?
  6. Паразитология ғылымының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар.
  7. Паразитология Қазақстанда қай кезеңдерден бастап дамыды?
  8. Экто және эндопаразиттер дегеніміз не?
  9. Табиғи ошақтық ауруларға мысал келтіріңіз.

 

 

Жауаптар:

  1. Паразитология — паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.

Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян келтіру.

  1. Медициналық паразитологияның негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

—  паразиттердің түрлерін дәл анықтау үшін олардың даму кезеңдеріндегі құрылыс-ерекшеліктерін зерттеу. Олардың түрлерін нақты анықтау дәрігерлер үшін өте маңызды, себебі тек осының арқасында паразиттер қоздыратын аурударды дұрыс анықтап емдеуге мүмкіншілік туады;

— паразиттердің және таратушылардың даму ерекшеліктерін зерттеу; бұл паразиттердің табиғатта таралуын және адам ағзасына ену әдістерін анықтауға мүмкіндік береді;

— паразит — ие арасындағы өзара байланыстарды зерттеу;

— паразиттердің зиянды әрекеттерін анықтау нәтижесінде паразиттік ауруларды ғылыми негізде анықтау және емдеу әдістерін қалыптастыру; паразиттермен таратушыларға қарсы күрес және алдын алу шараларын жасау;

—  аталған шаралардың бәрі медициналық паразитологияның негізгі мақсаты — паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құруға  бағытталады.

Медициналық паразитология ғылымы клиникалық және санитариялық-гигиена пәндерімен тығыз байланысқан.

.

  1. Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді. Медициналық паразитология 3 бөлімге бөлінеді: медициналық протозоология-қарапайымдылар типінің адам паразиттерін;

медициналық гельминтология-жалпақ және жұмыр, құрттар типінің адам паразиттерін;

медициналық арахноэнтомология-буынаяқтылар типінің адам ауруларын тудырушы, не табиғи резервуарлары болып келетін өкілдерін (кенелер) зерттейді.

 

  1. Паразиттер — нағыз паразиттер, жалған паразиттер, уақытша және тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Нағыз паразиттер иесінің денесі- мен едәуір уақыт бойына байланыскан. Бұл жағдайда паразиттік тіршілік ету тарихи қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады. Жалған паразит дегеніміз еркін тіршілік: ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзуы. Мысалы, шыбындар дернәсілдерінің адам ішегіне енуі.

Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.

Тұрақты паразиттер — салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлшеді. Салыстырмалы тұрақты паразиттер иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір-ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезендеріңде еркін тіршілік етеді.

Шартты тұрақты паразиттер — өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді; олар еркін, яғни қожайын денесінен тыс, тіршілік ете алмайды. Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.

 

  1. Паразитология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында бөлініп шыққан. Бұл кезде адамның кейбір қауіпті және кең таралған ауруларын (безгек, лейшмания, амебиаз т.б.) тудыратын паразиттер және таратушылар ашылып, анықталып, олардың даму циклдары зерттелген болатын.

 

  1. Паразитология ғылымының қалыптасуына және дамуына орыс ғалымдары үлкен үлес қосқан. Мысалы, Г.Гросс адамның паразиттік амебасын, Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты, А.П. Федченко бірнеше паразиттік құрттарды зерттеген. И.А. Порчинский сонаның, масаның, шыбындардың паразиттік ауруларды таратудағы рөлін анықтаған, Н.А. Холодовский биттерді зерттеген.

Паразитология ғылымының, әсіресе гельминтология саласының дамуында, К.И. Скрябиннің рөлі өте зор. Ол дүние жүзінде тұңғыш болып КСРО-да гельминтология институтын ұйымдастырған.

Сол сияқты, паразитологияның дамуында Е.Н. Павловскийдің де еңбегі ерекше. Ол арахноэнтомология саласында көп еңбек еткен, паразитоценоз, трансмиссивтік аурулардың таби-ғи ошақтары туралы ұғымды қалыптастырған. В.А. Догель экологиялық паразитологияны дамытқан.

 

  1. Паразитология ғылымы Қазақстанда 1925 жылдан бастап дамып келеді. Осы жылы Алматыда өлкелік мал дәрігерлік-бакте-рологиялық институты құрылып, 1926 жылы оның құрамында гельминтология, 1935 жылы протозоология бөлімі ұйымдастырылды. Қазақстанда паразитология ғылымының дамуына ат салысқан зоологтер — Л.С. Берг, И.А. Долгушин, А.А. Слудский, М.И. Мариковский, М.Д. Зверев, Т.Н. Досжанов, И.Г. Галузо, Е.Н. Боев, А.Бекенов т.б.

 

  1. Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.

Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының сыртында (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар — кенелер жатады.

Эндропаразиттер — иесінің ішкі мүшелеріңде тіршілік етеді.

Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз — паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму цикліңде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.

Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.

Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.

Осымен қатар резервуарлық иесі дегең ұғымда белгілі. Оларда паразит тіршілігін жоймай ұзақ уақыт сақталады, бірақ әрі қарай дамымайды.

Паразиттік тіршілік етудің пайда болу жолдары түрліше болып келеді. Эктопаразиттердің көпшілігі алғаш жыртқыштық тіршілік еткен, сосын олардың қожайын денесінде қоректену, онымен байланысу мерзімі ұзарып, эктопаразиттік тіршілік етуге көшкен. Эволюция процесінде кейбір эктопаразиттердің қоректену мерзімінін ұзаруын байқауға болады, мысалы, шіркейдің ұрғашы даралары иесінің денесінде 1 минутын аз уақыт қоректенсе, иксодалы кенелердің дернәсілдері (личинкалары) 5-8 тәулік, ересек түрлері 5—14 тәулік қоректенеді, бүргелер иелерінің денесінде өздерінің өмірінің көп бөлігін өткізеді, ал биттер өмір бойына иесінің денесінде кездеседі.

Паразитизмге өтудің екінші жолы комменсализм (селбесу) болып табылады- Мысалы, құстарда кездесетін кенелер. Олардың ата тектері құстармен селбесіп тіршілік: етіп құстардың қорегінің қалдықтарымен қоректенген. Бірте-бірте олар құстардың денесіне өтіп, мамықтарымен қоректенуге көшкен.

Эндопаразиттер эктопаразиттерден келіп шыкқан.

 

  1. Е.Н. Павловский 1939 жылы зкспедициялық, лаборатория-лық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесіңде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды. Табиғи ошақтық ауру-лардың бірнеше ерекше белгілері болады:

1) олардың паразиттері адамның қатынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;

2)  олардың таратушылары болып жабайы жануарлар сана-лады;

3)  олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде — ошақтарда кездеседі.

Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретіңде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, құстар) — табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері- иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді, Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.

 

3.2.Медициналық паразитология тақырыбы мазмұнын сементикалық карта арқылы тексеру

Сементикалық карта берілген сұрақтардың сәйкес жауабын белгілеу. Семантикалық картаның тиімділігі студенттер тез әрі ұтқыр жауап беруге дағдыланады.

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

 Зооноз

дар

Резер-вуарАнтропо-

ноздар

Антропо-

зооноздар

Уақытша

паразиттер

Тұрақты

паразит

-тер

Тек қана адамдарға тән аурулар      
Текқана жануарларға тән аурулар      
Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзалар      
Адамда да жануарда да кездесетін аурулар      
Өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді      
Өзінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді,қалған уақытта еркін тіршілік етеді.      

 

 

 

Семантикалық карта эталоны

 ЗоонздарРезер-вуарАнтропо-

ноздар

Антропо-

зооноздар

уақытша

паразиттер

тұрақты

паразит

-тер

Тек қана адамдарға тән аурулар        +   
Текқана жануарларға тән аурулар    +     
Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзалар      +    
Адамда да жануарда да кездесетін аурулар          +  
Өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді           +
Өзінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді,қалған уақытта еркін тіршілік етеді.     

 

        +

 

 

3.3.   Адасқан терминдер тапсырмасы интерактивті тақта көмегімен (бұл тапсырмада екі топ басшылары шығып термин сөздерді құрастырып өздерінің тапқырлығын және жылдамтықтарын көрсетеді).

 

І-топ

П,Р,И,Т,Л,Г,Н,Б,Д,Ш,А,З,Й,О,Я,Е,Ь,М,С,У,Ы,В,Ж,К,Ю,Ц,Ф,Э

 

ІІ-топ

Э,И,О,Б,З,І,Қ,Р,Й,Л,Я,Г,В,Ф,Х,Н,К,Е,Г,Ш,Ұ,Т,М,А,У,П,С,Ы,Ц,Ю,Ж

 

Жауаптар:

І-топ

Паразитология,протозоология,гельминтология,лямбля,амеба,балантидий,эндопаразит,селбесу,шыбын,споралылар,марита,энцефалит.

ІІ-топ

Эхинококк,безгек,ішекқұрт,лейшмания,иммунитет,арахноэнтомология,эктопаразит,резервуар,маса,талшықтылар,токсоплазма,энцефалит,кене.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4 Тест тапсырмасын орындау

 

                                 1-нұсқа

  1. Қарапайымдылар типінің адам паразиттерін зерттейді:

а. Медициналық протозоология

в. Медициналық арахноэнтомология

с. Медициналық гельминтология

д. Экология

е. Паразитология

 

  1. Жалпақ және жұмыр құрттар типінің адам паразиттерін зерттейді:

а. Медициналық протозоология

в. Медициналық арахноэнтомология

с. Медициналық гельминтология

д. Экология

е. Паразитология

 

  1. Буынаяқтылар типінің адам ауруларын тудырушы, не табиғи резервуарлары болып келетін өкілдерін зерттейді:

а. Медициналық протозоология

в. Медициналық арахноэнтомология

с. Медициналық гельминтология

д. Экология

е. Паразитология

 

  1. Паразиттер бөлінеді:

а. Нағыз паразиттер, жалған паразиттер

в. Уақытша паразиттер, тұрақты паразиттер

с. Нағыз, жалған, уақытша және тұрақты паразиттер

д. эктопаразиттер және эндопаразиттер

е. Эндропаразиттер

 

  1. Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттар бөлінеді:

а. Нағыз паразиттер, жалған паразиттер

в. Уақытша паразиттер, тұрақты паразиттер

с. Нағыз, жалған, уақытша және тұрақты паразиттер

д. эктопаразиттер және эндопаразиттер

е. Эндропаразиттер

 

  1. Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың аурулары бөлінеді:

а. инфекциялық және инвазиялық

в. трансмиссивтік

с. Құстар безгегі және паразиттік

д. лейшаниоз және оба

е. тайга энцефалиті және амебиаз

 

  1. Таратушылар арқылы берілетін аурулар аталады:

а. инфекциялық және инвазиялық

в. трансмиссивтік

с. Құстар безгегі және паразиттік

д. лейшаниоз және оба

е. тайга энцефалиті және амебиаз

 

  1. Тек қана жануарларға тән аурулар:

а. инфекциялық және инвазиялық

в. трансмиссивтік

с. құстар безгегі

д. лейшаниоз және оба

е. трихомонадоз және амебиаз

 

9.Трансмиссивтік аурулар ажыратылады:

а. зооноздар, антропоноздар, антропозооноздар

в. инфекциялық және инвазиялық

с. трихомонадоз және амебиаз

д. лейшаниоз және оба

е. құстар безгегі және паразиттік

 

  1. Адамда безгек ауруын қоздыратын безгек паразитінің түрлері:

а. 4

в. 3

с. 5

д. 2

е. 6

 

                     2-нұсқа 

  1. Бір жасушалы паразиттік жолмен өмір сүретін ағзалар:

а. қарапайымдылар

в.ішек қуыстылар

с. гидралар

д. гельминттер

е. буынаяқтылар

 

  1. Адам ағзасында тіршілік ететін қарапайымдылардың бөлінуі:

а. 5

в. 4

с. 2

д. 6

е. 3

 

  1. Қарапайымдылар типіне жататын паразиттерді зерттейтін ғылым:

а. мед. арохноэнтомология

в. мед. паразитология

с. мед. протозоология

д. палеонтология

е. мед. гельминтология

 

  1. Псевдоподий немесе жалған аяқтары арқылы қозғалыс жасап қоректенетін паразит:

а. споралылар

в. ішек қуыстылар

с. саркодалылар

д. талшықтылар

е. кірпікшелілер

 

  1. Талшықтарымен қозғалыс жасайтын паразит:

а. споралылар

в. ішек қуыстылар

с. саркодалылар

д. талшықтылар

е. кірпікшелілер

 

  1. Кірпікшелілермен қозғалыс жасайтын паразит:

а. споралылар

в. ішек қуыстылар

с. саркодалылар

д. талшықтылар

е. кірпікшелілер

 

  1. Сыртқы факторларға төзімді паразит:

а. споралылар

в. ішек қуыстылар

с. саркодалылар

д. талшықтылар

е. кірпікшелілер

 

  1. Қарапайымдылардың көбею жолдары:

а. вегетативті, ұлпалық жынысты және жыныссыз

в. жыныссыз, бүршіктену

с. жыныстыыы бүршіктену

д. споралылар

е. бүршіктену, вегетативті

 

  1. Қарапайымдылардың жалпы саны:

а. 10-15000 шама

в. 25000-70000 шама

с. 20000 шама

д. 21000-5000 шама

е. 4000 шама

 

  1. Адамда безгек ауруын қоздыратын безгек паразитінің түрлері:

а. 4

в. 3

с. 5

д. 2

е. 6

                                               

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Дұрыс жауаптың эталоны.

 

                                                        І- Вариант      ІІ- Вариант

 

1АА
2СВ
3ВВ
4СС
5ДД
6АЕ
7ВА
8СВ
9АВ
10АА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.5 Студенттерді зеректікке баулу мақсатында сөз жұмбақ шешу(интерактивті тақтада)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қарапайымдылар типінің адам паразиттерін зерттейді? (протозоология)

  1. Иесінің дене жамылғысының сыртында (тері,туктер) тіршілік етеді.(эктопаразит)

3.Энтеробиоз ауруын тудыратын кең таралған және жиі кездететін адам паразиті?(үшкір құрт)

4.Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды қалай атайды? (резервуар)

5.Безгек плазмодиясы тарататын ауру?(безгек)

6.Жалпақ және жұмыр құрттар типінің адам паразиттерін зерттейді? (гельминтология)

7.Өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізетін паразиттер?(уақытшапаразит)

8.Иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер?(эндопаразит)

9.Көптеген паразиттердің таралуы үшін резервуарлардан басқа кімдер қажет?(таратушылар)

10.Эхинококкоз ауруын тудырушы паразит?(эхинококк)

11.Адамның паразиттік амебасын зерттеген ғалым?(гросс)

12.Әртүрлі микроағзалардың әсерінен пайда болатын аурулар?(инфекциялық)

13.Қарапайымдылар,гелминттер, насекомдар әсерінен пайда болатын аурулар?(инвазиялық)

 

 

 

  1. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (25-30 мин):

Сабақтың жоспары:

  • Қарапайымдылар типі-Protozoa
  • Саркодалылар класы-Sarcodina
  • Талшықтылар класы-Flagellata
  • Споралылар класы-Sporozoa
  • Инфузория класы-Infusoria

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін пысықтау (15 минут):

 

5.1.Интерактивті тақтаны пайдалана отырып тапсырманы орындау

Қарапайымдылар типінің қозғалу органойды_______________________________________

Қарапайымдылар типінің 4 класы_________________________________________________

Қарапайымдылар типінің көбеюі__________________________________________________

 

5.2. Проблемалық полемика. Бұл әдіс арқылы студееттер өз пікірін дәлелдей отырып, алған білімдерін көрсетеді

 

 

                            МазмұныдұрысДұрыс емес
1Амеба дизентериясы лейшманиоз ауруын тудыратын паразит
2Токсоплазма адамның және жануардың токсоплазмос ауруын тудырушы паразит
3Инфузорияның көбеюі жынысты және жыныссыз жолмен жүреді
4Инфекциялық аурулар түрліше потогендік қарапайымдылар,гельминттер,насекомдар әсерінен пайда болады
5Паразитизм ол бір ағзаның екінші бір ағзаны баспана қорек ретінде пайдаланып зиян келтіруі
6Медициналық протозоология буынаяқтылар типінің адамдар ауруын тудырушы

 

 

 

                            МазмұныдұрысДұрыс емес
1Амеба дизентериясы лейшманиоз ауруын тудыратын паразит         *
2Токсоплазма адамның және жануардың токсоплазмос ауруын тудырушы паразит        *
3Инфузорияның көбеюі жынысты және жыныссыз жолмен жүреді            *
4Инфекциялық аурулар түрліше потогендік қарапайымдылар,гельминттер,насекомдар әсерінен пайда болады       *
5Паразитизм ол бір ағзаның екінші бір ағзаны баспана қорек ретінде пайдаланып зиян келтіруі           *
6Медициналық протозоология буынаяқтылар типінің адамдар ауруын тудырушы        *

 

 

5.3.Талдау және сараптау әдісі арқылы студенттер ұяшықта берілген тапсырмаларды орындауы тиіс.(интерактивті тақта көмегімен)

 

 

 

 

1-ұяшық  Сәйкестендіру

 

                                                                  Балантидий

 

 

                                                            дизентерия амебасы

                                                              паразит талшықтылар

 

 

2.Ұяшық

 Қай отряд өкілдері? (Амеба отряды)

 

3.Ұяшық

Қарапайымдылар типіеің 4 класы? (1.Саркодалылар.2.талшықтылар.3.споралылар.4.инфузория класы)

4.ұяшық

  Қай туыс өкілдері зақымдаған ауру?(Лейшмания)

 

 

5.ұяшық

Дизентерия амебасының тудыратын ауруы және адамның қай мүшесінде кездеседі?(амебиаз ауруын, адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді)

6.ұяшық

  Қай отряд өкілі және қай аурудың қоздырушысы? (токсоплазма,токсоплазмоз ауруын қоздырушы)

  1. Ұяшық

Қан споралылардың дамуы адамның қай мүшесінде өтеді?(адамның эритроциттерінде өткізеді)

  1. Ұяшық

Медициналық паразитология бөлімдері (мед.протозоология,мед.гельминтология, мед.арахноэнтомология)

9.Ұяшық

Қарапайымдылардың қозғалу органоиды (жалған аяқтары,кірпікшелері,талшықтары)

 

6.Сабақты қорытындылау

Бұл типке 20-25000-ға жуық түрлер жатады. Олар табиғатта кең таралған және мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда,топырақтарда кездеседі. Олардың көптеген түрлері басқа ағзалар денесінде тіршілік (паразиттер) бейімделіп жануарлардың және адамдардың зілді ауруларын тудырады.

Қарапайымдылардың денесі өте кішкентай: 3 мкм-ден  160 мкм аралығында болады. Ол сыртқы мембранадан,цитоплазмадан,ядродан және оргоноидтардан тұрады. Қарапайымдылардың қозғалу оргоноиды болып жалған аяқтары, талшықтары, кірпікшелері саналады.

Ас қорыту оргоноиды болып ас қорыту вакуольдері, зәр шығару оргонойды-жиырылғыш вакуольдер саналады; ал кейбіреулерінде ерекше тесікшелер-кылаулатқышткар кездеседі.

Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі жасушаның жай 2-ге бөлінуі арқылы, не жасушаның көптеген бөлінуі (шизогония) арқылы жүруі мүмкін. Жыныстық процесс копуляция не конюгация күйінде кездеседі.

Қарапайымдылар типінің жіктелуі турліше болып келеді.Оның кең таралған жіктелуі бойынша олар 4 класқа бөлінеді:

  1. саркодалылар класы (sarkodina)
  2. талшықтылар класы (flagellata)
  3. споралар класы (sporozoa)
  4. инфузория класы (jnfusoria)

 

(Қарапайыдылар туралы не білемін,не білдім, не білгім келеді) Студенттердің ойын тыңдау

 

Инсерт картасы

 Не білемінНе білдімНе білгім келеді
   
   
   
   
   
  1. Студенттерді бағалау

 

Аты-жөніСұрақ-жауапСементикалық картаАдасқан әріптерТестСөз жұмбақТапсырманы орындауПроблемалық полемикаНақтырақ ойлан
1Абдуллаева Д        
2Абдумаликова Д        
3Айтметова З        
4Абсаттарова С        
5Әбсеметова Д        
6Бахтиярова Н        
7Бұйрабаева Ғ        
8Бердалиева Ғ        
9Гайратова Ю        
10Ерахан Г        
11Искакова Н        
12Ибадуллаева Д        
13Тасболат Ә        
14Тұрғанбаева З        
15Таласбай Д        
16Ташболатова Ю        
17Қалдарбаева Д        
18Мырзараймова Г        
19Медет М        
20Муталип Ж        
21Мажитова Н        
22Оразбаева Д        
23Османова Д        
24Оқашбаева А        
25Өтешова А        
26Райымбек А        
27Рахымбек Қ        
28Сембек Г        
29Сұлтонбаева А        
30Убайдуллаева Г        
31Юлдашова Д        

 

 

8.Үйге тапсырма беру:(2-3 мин).

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Токсоплазма, оның морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттам беріңіз.
  2. Споралылар класына түсінік беріңіз.

3.Талшықтылар класына түсінік беріңіз.

4.Безгек плозмидасының түрлеріне тоқталып кетіңіз.

5.Саркодалылар класына сипаттама беріңіз.

6.Токсоплазманың тіршілік цикліне тоқталыңыз.

7.Қарапайымдылар типіне сипаттама беріңз.

8.Эритрофагтар дегеніміз не?

9.Токсоплазма эндозойдының құрылысы.

10.Қан споралылар отрядына түсінік беріңіз.

  1. Медициналық протозоология пәні бойынша интернет материалдарын жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Биология. Учебник. Чебышев Н.В. – М., 2010. – 320 с.
  2. Биология с основами медицинской генетики: учебник / под ред. О. Янушевича, Д.

Арутюнова. – М., 2010. – 368 с.

  1.   Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов

медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

 

Қосымша әдебиеттер:

  1. Биология и общая генетика Учебник. Пехов А.П. – М., 2006.
  2. Биология. Учебник под редакцией В.Н. Яригина. – М., Высшая школа 2004.
  3. Медицинская биология и генетика / Под. редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004
  4. Медицинская паразитология. Учебное пособие для медицинских вузов Е.Н.Барышников, — М., ВААДОС – пресс 2005
  5. Молекулалық биология және генетика Д.Н. Иманова, С.Қ. Қоштаева, М.Н. Турабеков, Г.П. Шынпейсова, А.А. Исмаилова  Түркістан 2012ж