Жалпы желі ұғымы.
Сабақтың тақырыбы: Жалпы желі ұғымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және
олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Internet
Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмаларды орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Жалпы желі – бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол Интернет деп аталады.
Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген ақпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолулар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатыны-Internet Explorer.
Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосурет сілтеме бола алады.
Сілтеме бар екенін қалай білуге болады? Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе фотосуретке әкелген кезде сілтеме бар жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған саусақты қолдың суретіне ауысады. Сілтеме бойынша бір беттен басқа бетке өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.
- Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын басамыз.
- Беттің жүктелуін тосамыз.
- Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында жүктеу индикаторы пайда болады.
Бет жүктелгеннен кейін өзінізді қызықтыратын ақпаратты оқып, көшіріп, сақтап, қағазға басып шығара аласыз.
Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін тездетті.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпаратты жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электронды поштаның стандартты поштаның бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.
Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.
Шығаратындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумаларда орналасады.
Өшірілгенднр (Удаленные). Кез-келген бумадан шірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.
Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасын жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.
Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики)бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кеиін әртүрлі әрекетті орындауға болады.
Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл – Печать – ОК командасын орындау арқылы.
Жауап беру.Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.
Сақтау (Сохранить как). Таңдаған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз.
Үйге тапсырма: Жалпы желі ұғымы.