Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар
Сабақтың тақырыбы: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту,
бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа материалдың мазмұны:
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу
0+0=0 1+0=1 0+1=1 1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады. |
Мысалы:
101
+
011
Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
- Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
- Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.
- Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
- Нәтижеде
101
+
011
- алдық. Сонымен, 10002=810
Қосу – екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция – азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.
Азайту
0-0=0 1-0=1 0-1=1 1-1=0 |
Мысалы :
101
—
101
0*0=0 1*0=0 0*1=0 1*1=1 |
Көбейту
Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5
*
110 1102= 1*22+1*21+0*20=6
000
111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010
Яғни 5*6=30
Бөлу
Екілік санау жүйесінде бөлу –ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
Үйге тапсырма: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Оқушыларды бағалау.