Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымадстыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус — өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Файлдық | Жүктейтін (загрузочный) | Макровирустар |
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі | Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады. | Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады. |
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.
Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау
Оқушыларды бағалау.