Графикалық редакторлар

Сабақтың тақырыбы:  Графикалық редакторлар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты өңдеу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
  2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
  3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:              Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын   көрнекті құралдар:    интерактивті тақта,  компьютер, оқулық, прктикум,

 

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық  құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге  болады:  растрлық және векторлық.

Графикалық   редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.

Түсірілген  суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градиациясын және  көмескі бояуларды жоғары  дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.

Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына  PaintBrush, Paint, Painter жатады.

Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған.

Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, CorelPhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады.

Растрлық графикалық  редакторлар  пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:

графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;

кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;

сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;

ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;

мәтінге суреттер қоса отырып, көркем  хабарландырулар даярлау;

алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.

Кәсіби растрлық редактор (мысалы, Adobe Photoshop), негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және қанықтылықты арттыру, ескі фотобейнелердегі кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.

Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық графикамен де жұмыс істейтін программалық құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру растрлықпен салыстырғанда күрделілеу. Векторлық графикалық  редакторларға Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға CorelDraw, Adobe Iuustrator  және басқаларын жатқызуға болады.

Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:

обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу)  қажетті әр түрлі әдістер;

обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;

графикалық эффектілер көп;

мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;

алынған кескіндерді сақтау.

Сіз сурет салған кезде, алдымен сурет салу құралын (фломастерлер, қылқалам, қарындаш және т.б.) таңдайсыз.

Графикалық редакторлар да графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал –саймандар тақтасына біріктіреді.

Paint, Adobe Photoshop  растрлық графикалық редакторларының құрал-саймандар тақтасы көрсетілген. Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.

Обьектілерді салу құрал-саймандары.  Графикалық редакторларда қарапайым графикалық обьектілерді (түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және т.с.с.)   салуға қажетті құрал саймандар бар. Құрал-саймандар тақтасынан обьектіні таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің кез келген жеріне салуға болады.

Үйге тапсырма беру   Графикалық редакторлар