Мәтіндік құжатты және мәтін абзацын форматтау

Сабақтың тақырыбы:   Мәтіндік құжатты және мәтін абзацын форматтау

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

 Тәрбиелілік:      Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

 Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын   көрнекті құралдар:    интерактивті тақта,  компьютер, электр оқулық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С.И.Ожеговтың  сөздігінде «абзац» мағынасы былай беріледі: 1) қызыл жол, жол басындағы шегініс; 2) осындай екі шегініс арасындағы мәтін.

Абзац MS Word –та Enter  пернесінің басылуымен аяқталады.

Абзац параметрлерін қою үшін Формат менюіндегі Абзац командасы қолданылады.  Осы команда таңдап алынған соң, Абзац диалогтік терезесі шығады.  Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық (Отступ и интервалы) қосымшаларын таңдау керек.

Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылады:

  • По левому краю – абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау,
  • По центру – абзацты беттің ортасы бойынша туралау;
  • По правому краю – абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау;
  • По ширине – абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау;

Слева және справа өрісінде абзацтан парақ шеттеріне (сол және оң жақ) дейінгі қашықтықтар қойылады.

Первая строка (Бірінші жол) өрісінде абзацтың бірінші жолының шегініс түрлері берілген:

  • Нет –шегініс қойылмаған;
  • Отступ – қызыл жол, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі;
  • Выступ – теріс абзацтық шегініс, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі.
  • Перед және после өрісінде абзацтың бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар қойылады.
  • Междустрочный (Жоларалық) өрісінде бзац ішіндегі жоларалық интервалдар белгіленеді:
  • Одинарный – қаріптің типіне сәйкес стандартты интервал;
  • Полуторный – стандарттан 1,5 есе үлкен интервал;
  • Двойной – стандарттан 2 есе үлкен интервал
  • Минимум – мәні (значения) өрісінде көрсетілген интервалдан кіші емес интервал.
  • Точно – Мәні өрісінде көрсетілген интервалға тең интервал.
  • Множитель – Мәні өрісінде көрсетілген мәнге көбейтілген стандартты интервал.

Абзацты форматтаудың басқа түрлері Абзац диалогтік терезесінде орындалады.

 

Үйге тапсырма беру:    Мәтіндік құжатты және мәтін абзацын форматтау

Оқушыларды бағалау.