Құжат беттерін рәсімдеу
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар мен құжат беттерін рәсімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, электр оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжат беттерін рәсімдеу
Бетті белгілеу. Құжат мәтіні қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою керек. Ол үшін Файл-Беттің параметрлері (Файл – Параметры страницы) командасы таңдалынады.
Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады. Жоғарғы, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері.
Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген.
Таңдалған өрістер дұрыс болса, Ок батырмасы шертіледі.
Құжат бетінің өлшемдерін таңдауға, Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасында Қағаз өлшемі өрісі орналасқан. Егер қажет өлшем тізімде болмаса, онда Ені (Ширина) және Биіктігі (Высота) өрісінде беттің ені мен биіктігінің сәйкес мәндерін енгізуге болады.
Бағдарлау (ориентация) рамкасында қағаз бетінің кітаптық (вертикаль) немесе альбомдық (горизонталь) түрі қолданылады.
Беттерді бөлу. Microsoft Word мәтінді беттерге автоматты түрде бөледі. Бірақ кейбір жағдайда құжаттың белгілі бір бөліктерін жаңа беттен басып шығаруға тура келеді.
Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте, оны нөмірлеп алады. Беттің нөмірлерін қою үшін Қою менюіндегі Беттің нөмірлері (Номера страниц) командасын шақыру керек
Орналасу (Положение) өрісінде беттің нөмірлерінің орналасуын (жоғары немесе төмен), ал Туралау (құжаттың бірінші бетіне, егер ол титул парағы болса нөмір қойылмайды) өрісінде – бет нөмірлерін бет өрісіне сәйкес (сол, ортаға қарағанда, оң т.с.с) таңдаңыз.
Колонтитулдарды орналастыру. Колонтитул – құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет. Әдетте, колонтитулға беттің нөмірлері, кітап аттары немесе ағымдағы бөлім аттары жазылады.
Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу
Оқушыларды бағалау.