Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Сабақтың тақырыбы:   Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:        ЕХСЕІ- ге берілгендерді ұяшыққа енгізу және редакциялау жолын шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін  қалыптастыру.

Тәрбиелік:   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін  дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі:   Практикум элементтерінің көмегімен  демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   интерактивті тақта,  компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Берілгендерді енгізу.  Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек.  Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі.

Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады,  олар: қызыл крест, жасыл белгі  « »  және «=»белгісі немесе

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер — өшіріледі.

Егер  белгісініңбатырмасын шертсеңіз, экранда  Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.

                                 Формула жолы

Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе  курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.

Кез келген электронды кестенің ұяшығына:

  • сан;
  • формула
  • мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.

Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel  оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.

Бұл ұяшықтың  мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.

Берілгендерді редакциялау.  Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

  1. ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.
  2. ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter  пернесін басу керек.

 

Үйге тапсырма беру:   Microsoft Excel –ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Оқушыларды бағалау.