Формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың тақырыбы:   Формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу,деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және   қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін  автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға  шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін  қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін  дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі:    Практикум элементтерінің көмегімен  демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   интерактивті тақта,  компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ms Excel  -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында   белгісінің  батырмасы қарастырылған.  Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма)    батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции)  диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.

Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
  • Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.
  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;
  • ОК батырмасын шертіңіз.

Формулаларды көшіру.  Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы  мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;
  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.
  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.
  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.
  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.
  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

 

Үйге тапсырма беру: Формуланы енгізу және көшіру

 

Оқушыларды бағалау.