Диаграммалардың түрі және құру
Сабақтың тақырыбы: Диаграммалардың түрі және құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Диаграммаларды құру
Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.
Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.
Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.
Диаграмманы құру үшін:
- диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
- диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
- Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
- Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
- Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
- Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
- Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.
Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete пернесін басыңыз.
Үйге тапсырма беру: Диаграммалардың түрі және құру.
Оқушыларды бағалау.