Диаграммаларды редакциялау және форматтау

Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды редакциялау және форматтау

Сабақтың мақсаты:                                                       

Білімділік:  Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Excel -дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу.

Бірақ бұл біз  бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма – деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады.

Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметті белгіленген кейін аспаптар панелінен немесе Вставка –Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.

  1. Диаграмма тұрғызудың бірінші қадамы: Диаграмма типін таңдау. Диаграмманың 14 типі бар.
  2. Қадамда диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу.

3-қадам диаграмманың тақырыбын, мәтін енгізу.

4 қадамда диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз.

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммаларлдың барлығының екі осі:

  • горизонталь немесе категориялар осы
  • вертикаль немесе мәндер осі қосылады.

Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.

 

 

Үйге тапсырма беру:   Диаграммаларды   редакциялау және форматтау

Оқушыларды бағалау.