Құжат беттерін рәсімдеу және басу
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу және басу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжат беттерін рәсімдеу және басу
Дайын құжатты принтерде басу электронды кесте жұмысының ең соңғы қадамы болып табылады. Егер кесте үлкен болса, онда оны басуға жіберген кезде ол бағандар немесе жолдарға бөлініп қалған бірнеше беттен тұратын басылым болады.
Мұны болдырмау үшін электронды кестені басуға беруден бұрын мыналарды орындау қажет:
- Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) немесе стандарт аспатар тақтасындағы батырмасын шертіңіз. Алдын ала көру терезесіндегі кестенің парақта қалай басылып шығатынын көруге болады.
- Егер кестенің форматы ұнамаса, онда Файл-Беттің параметрлері (Файл-Параметры страницы) командасын таңдау керек.
Бет (Страница) қосымшасында парақ бетінің өлшемін және қалпын, көріну масштабын және баспа сапасын қойыңыз. Бағдар (Ориентация) қоршауында парақ бетінің қалпы қойылады:
Книжная – парақ бетінің тік орналасуы;
Альбомная – парақ бетінің көлденең орналасуы.
Бет өрісін қою үшін Өріс қосымшасын таңдаңыз. Барлық тиісті шамалар қойылғасын, Беттің параметрлері терезесіндегі ОК батырмасын шерту керек.
Сосын кестені алдын ала тағы бір рет көріп, дұрыс болған жағдайда Файл-Қағазға басу (Файл-Печать) командасын таңдаңыз.
- Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу және басу
- Оқушыларды бағалау.